Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2023-12-26 14:45:39
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы  білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты
2023 жылдың 26 желтоқсаны күні Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция аға лейтенанты А.А.Нұрбек қатысуымен 1-11 сынып оқушылармен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жаңа жылдық мереке және қысқы демалыс уақытында құқық бұзушылықтың алу үшін дәріс жүргізді. Дәріс барысында құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырды. Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың құқық бұзушылыққа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
Автор: №9 ОМ