Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2023-11-27 14:20:30
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2023 жылдың 27 қарашасы күні қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.М.Артыкбаев 9-11 сынып оқушыларына «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі аясында «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. 
Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
Автор: №9 ОМ