Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2023-10-20 10:35:58
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2023 жылдың 20 қазаны күні 5-6 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі жүріп–тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін ата-анасыз жүруге болмайтыны ескертілді. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
Автор: №9 ОМ