Құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2023-09-20 15:42:43
Құқықтық білім беру отырысының ақпараты
2023 жылдың 20 қыркүйегі күні «Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Балқаш қаласы полиция бөлімінің аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, Коразбаев Нурлыжан Айтмаганбетович, Жукин Ерсин Мадиулы 7-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  — өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.
Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие 
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
Автор: №9 ОМ