«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Дата: 2023-08-17 15:14:35
«Мектепке жол» Республикалық акциясы
Мектебімізде «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шаралар өтілуде. Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бастау алды. Жаңа оқу жылына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу,қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы біздің мектебімізде де жалғасын тапты. «Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында ақпараттық стенд қойылды,акцияға қатысуға тарту мақсатында үгіт-насихат қағаздары таратылды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек сұрап бүгінгі күнге 56 оқушының ата-анасы өтініш берді. #Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg #мектепкежол2023 #дорогавшколу2023
Автор: №9 ОМ