«Ұлттық ойындар»

Дата: 2018-03-19 17:53:09
«Ұлттық ойындар»

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 22 наурыз мейрамы мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында өткізілген
«Ұлттық ойындар» ақпары

 

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 22 наурыз мерекесінде оқушылар бойына қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындарын, қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу мақсатында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Сайыс жеті кезеңнен тұрды. Жарыс басында командалардың сәлемдесуден  басталып, теңге алу, арқан тарту, желке тартыс, қыз қуу  ұлттық ойындарынан өзара сайысқа түсті. Сайыс тартымды да қызықты өтті. Ұлттық  ойындарда жеңіске жеткен 7Б,5А,6Б сыныптары І орынмен, 5Б,7А,6А сыныптары жүлделі ІІ орындармен марапатталды.