«Астана қаласының қалыптасу тарихы» неміс этномәдени орталығының мүшелерімен танымдық сағаты

Дата: 2018-01-22 14:20:26
«Астана қаласының қалыптасу тарихы» неміс этномәдени орталығының мүшелерімен танымдық сағаты

   15.01.2018 жылы мектебіміздің музейінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана қаласының қалыптасу тарихы» атты неміс этномәдени    орталықтарының мүшелері А.И. Фердерер, Т.Н. Рельке, Л.А. Ненаховамен қатысуымен танымдық сағаты өтті. Танымдық сағат барысында  неміс этномәдени орталықтарының  мүшелері өз орталықтарының жұмысы,Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екендігін жеткізді. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керекпіз деп өз ойларын айта келе, неміс халқының мерекелері жайында айтып берді. Биылғы 20 жыл толғалы отырған Астана қаласы жайлы, ЭКСПО 2017 көрмесіне барған әсерлерімен бөлісе келе, неміс халқының ұлттық әнінен ән- шашу сыйлады. Танымдық сағат барысында оқушылар түрлі сұрақтарына жауап алып, этномәдени орталық мүшесі Астанаға арналған өлеңін тыңдады.Шара соңында қонақтар тілектерін білдіріп, мектеп музейіндегі қолтаңбалар кітабына қолтаңбаларын қалдырып, оқушылармен естелікке суретке түсті.