5Ә Ұлан сыныбының ант қабылдау рәсімі және Ұландар туын табыстау салтанаты өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-12-12 11:18:56
5Ә  Ұлан сыныбының ант қабылдау рәсімі және  Ұландар туын табыстау  салтанаты  өткізілгені туралы ақпар

   2016 жылдың 10-желтоқсан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінің ұлан сыныптарына  ту тапсыру салтанаты мен ант қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға  қалалық білім бөлімінің бастығының орынбасары  А.Куанышбаев, №31765  әскери бөлімінің командирі Подкполковник Д.С.Ақбөкеев, «Ардагер», «Боевое братство» ұйымының төрағалары мен  меморандум жасасқан ұйымдар басшылары, ұлан сыныптарының ата-аналары, мектебіміздің  әкелер мен аналар мектебінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Биылғы жылы Ұлан сыныбына Ұлан сыныбының туы ар-намыстың, тәртіп пен абыройдың және айбын мен  даңқтың  нышаны ретінде, батырлық дәстүр мен қасиетті борышты еске түсіруге қызмет ететін ту табысталды.Ту тапсыру құрметі №31765  әскери бөлімінің командирі Подкполковник Д.С.Ақбөкеевке берілді.
  Ұландардан ант қабылдап алу рәсімі  №53898 әскери бөлімінің офицерлері лейтенант  Досыбаев  Айтжан Асанұлы және  лейтенант Шамұратов Илияс Зерікбайұлына   берілді.Ант қабылдаған соң мектеп басшысы А.Т.Токейбекова мен келген қонақтарға құттықтау сөздері берілді.     
   Салтанатты жиын соңы  ұлан сыныптарының   қатысуымен  концерттік  номерлерге ұласты.