"Шағала" лагерінде денсаулық фестиваліне байланысты іс-шаралар

Дата: 2016-06-11 08:15:36

2016 жылдың 6-10  маусым аралығында жалпы білім беретін №8 орта мектебі жанындағы «Шағала» лагерінде  денсаулық фестиваліне байланысты іс-шаралар жүргізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында   лагерь демалушыларымен  денешынықтыру мұғалімі Б.С.Қаппардың  ұйымдастырумен  ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Демалушылар екі топқа бөлініп «Асық ойнау», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Даусынан таны» сияқты сайыс кезеңдерімен  сынасып көрді.Сайыс соңында «Тұлпар» тобы белсенділік танытып жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды.