«Қыз қылығымен сүйкімді»

Дата: 2015-11-25 06:36:13
«Қыз қылығымен сүйкімді»

   2015 жылдың 18 – ші қараша күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымының» арасында «Қыз қылығымен сүйкімді» атты сыр-сұхбат дөңгелек үстелі жүргізілді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар- намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп жұрт алдында абыройлы бола білуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Қыздарға әр түрлі сұрақтар қойылып, қоғамдағы маңызды мәселелерді ортаға салып талқыладық. Оқушылардың жеке көзқарастары тыңдалды. Қорыта келе бүгінгі сұхбатымыз бойынша көптеген мағұлматтар алынды. Болашақта қыздар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайтындарын білдірді.