«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» атты ата-аналар конферециясы

Дата: 2015-05-16 07:32:04
«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» атты ата-аналар конферециясы

16.15.2015 жыл, сағат 10.00-11.40 аралығында ЖББ №8 орта мектебінде ҰБТ тапсырушы жасөспірімдердің ата-аналарының қатысуымен  конференция өткізілді. Ата-ананың кез-келген жағдайлардағы  қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын, қажетті білімдер мен шеберліктер беру мақсатында кеңес берілді.

Міндеті: өзінің және баласының эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, балалардың ҰБТ уақытында және одан кейін үрейленбей, сабырлылығын сақтауға көмек көрсете білу.

Ұйымдастырушы: Білім беру саласын бақылау жөніндегі өңірлік департаменттердің, білім басқармаларының, сондай-ақОтбасылық Тәрбиелеу Институты мен оның өңірлік филиалдарының ықпалдастығымен,«Нұр Отан» партиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Өткізілу барысы:

Конференцияны мектеп директорының орынбасары Әлкей Төлжан Боқайқызы ашты. Әрі қарай сөз кезегін Қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Қуанышбаев Айдос Кәріғұлұлы атааналарды құттықтап,  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Тахир Оспанұлының атынан құттықтау сөзді оқиды.Одан кейін сөз кезегі мектеп психологы Абдуалиева З.Н. берілді.Ол түлектердің ата-аналарының естен шығармайтын ең үлкен қағидаларына тоқталды. Ата-аналардың назарына әке-ана туралы бейнефильмдер көру ұсынылып, талқыланды.Қысқаша әрі мазмұнды түрдегі кеңестерді қалайтын ата-аналар үшін, қарапайым, есте қалалардық формула  НЕМЕСЕ  үш «Қ» заңымен таныстырылды.Психологтар, дәрігерлер мен ұстаздар баланың денсаулығына қамқорлық жасап, әр ата-ана ұстануы тиіс, өте маңызды ережелерді ата-аналардың өздеріне сурет арқылы құрастыру ұсынылды және слайд арқылы толықтырылды.      Отбасылық Тәрбиелеу Институты елордалық №59 орта мектебінің және №1 лицейінің түлектері арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша бейнематериалы көрсетілді.Өз эмоциясын басқаруға тәрбиелейтін есімдер жаттығуы жүргізілді.Үрейлі қал-жағдайды тыныштандыру мақсатында емтихан ,ҰБТ  сөз мағыналарын ашу жаттығуы жүргізілді. Жасөспірімді қолдаудағы ата-аналар стратегиялары таныстырылды.Соңында сихологтардың әнұраны тыңдалып, ата-аналар орындарынан тұрып, қошемет көрсетеді.