«Тәуелсіздік тағылымы »

Дата: 2022-12-18 17:35:08
13.12.2022 жылы мектебіміздің кітапханасында  оқушыларды  Тәуелсіз еліміздің тарихи белестерімен таныстырып, отаншылдыққа,  туған жеріне, деген сүйіспеншіліктерін арттыруға,елін,жерін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу   мақсатында «Тәуелсіздік тағылымы » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы Ж.Қалижанова   оқушыларға  қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталып, Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отыра, Тәуелсіздік алуымызға үлес қосқан желтоқсан көтерілісінің құрбандарының өмір жолдары  туралы қысқаша мәліметтер айтып өтті.