«Көктемгі мектеп»

Дата: 2022-04-04 19:04:59
Мектебімізде «Көктемгі мектеп» жоспарына сай 2022жылдың 22 наурыз күні мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде  бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Ж.Динахметова «Оқушылардың  білім сапасын арттырудағы   әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында воркшоп өткізді. Мақсаты: «Төңкерілген сынып» әдісін Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру. Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын көтеру
Міндеттері: 
- «Төңкерілген сынып» әдісі арқылы білім беру аймағында 4K дағдыларын қалыптастыруға ықпалын анықтау; 
- «Төңкерілген сынып» әдістемесі негізінде тапсырмалар құрудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну;