Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Аналар мектебі»мүшелері мен өткен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» пікір алмасу ақпары

Дата: 2022-01-24 12:05:45

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Аналар мектебі»мүшелері мен өткен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» пікір алмасу ақпары

    Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай мектебімізде «Аналар мектебі» мүшелерінің қатысуымен қашықтықтан «Zoom» арқылы  «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» атты тақырыпта  пікір алмасу болды. Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын  орнының  ерекше  екендігін  түсіндіру және отбасы  мүшелерінің  арасындағы  бауырмалдық , қайырымдылық, үлкенді  сыйлауға, кішіге  қамқорлық  жасауға, сыпайы ілтипатты  болуға  тәрбиелеу. Ең алдымен әңгімеге арқау болу үшін бейнеролик көрсетілді.Бала  тәрбиесі, оның  зорлық-зомбылықсыз  жан-жақты  дамуы жайында өз  ойларын  ортаға салды. Мектебіміздің ардагер ұстазы Тұрымтай бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөліне тоқталып өтті. Аналарымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы өз пікірлерін, отбасы төңірегінде тағылымды мағлұмат берді.