«Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті – жас маман»

Дата: 2020-12-09 15:00:44
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті – жас маман» атты облыстық жас мамандардың ІІ Форумының №3 секциясына Балқаш қаласы ЖББ №8 орта мектебінің бастауыш сыныптардағы информатика пәнінің мұғалімі, жас маман Рахметолла Шолпан Ержанқызы қатысып, «Бастауыш сыныпқа STEM технологиясын енгізудің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті.
STEM - білім берудің мақсаты мен міндетін ашып айта отырып, жұмыс барысында туындаған мәселелер мен шешу жолдарын өз қатарлас мамандарға ұсынды. Сөз соңында жас ұрпаққа сапалы білім , саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегін одан әрі жалғастыра беретінін басып айтты.Рахметолла Шолпан Ержанқызына форумға қатысқан жас мамандар тарапынан, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мамандарының тарапынан, Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскерлері тарапынан алғыстар айтылып, алдағы уақытта қанаты талмай еңбек ету үшін сәт – сапар тіледі.