Размер шрифта:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Ұлы елдің ұлы ері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Дата: 2020-11-27 12:58:11
27.11.2020 ж мектеп кітапханасында оқушыларға Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 5-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Ұлы елдің ұлы ері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашылар оқушыларға Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдарынан қысқаша мәліметтер берді.Сонымен қатар еліміздің еңсесін көтеріп, мемлекетімізді мығымдап берген қазақ халқының атын әлемге танытып,алаш жұртының абыройын асқақтатқан елеулі еңбектерімен таныстырды.