«Қамқорлық» акциясы

Дата: 2019-02-12 12:37:12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2019  жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

 Акцияның мақсаты:  әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын   ұйымдастыру.

 Мектебімізде  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарыұйымдастырылды.                                                                                      Аталған іс-шараға №6 Саяқ кенті  жалпы білім беретін мектеп ұжымы және ата-аналар түгелдей атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісті.                                                                                                    Әлеуметтік  жағдайы төмен  отбасы балаларына  көмек берілді.                 Сондай–ақ  0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту айлығы бойынша мектептің әр көшеге жауапты мұғалімдер бекітіліп, көшені аралау кезінде қойылатын талаптармен таныстырылды. Кент бойынша 5 пәтер араланды. Мектепке қамтылмай қалған балалар жоқ.

  Бұл шараға барлық сыныптар  белсене ат салысты.                                            

 Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  әңгімелер өткізілді.«Жақсылық жаса», «Твори добро» деген тақырыпта сыныптар арасында      марафон өткізіліп  10 «А», 10 «б»,8«Ә»,8 «А», 8 «Б», 8 «В»,  2 «В» -сыныптары   киім-кешек, мектеп оқу- құралдарымен,  азық-түлікпен көмектер көрсетті. Сынып жетекшілері

Осындай көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беріп, рақымшылық көрсеткен азаматтардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.