Балқаш қаласы бойынша «Қамқоршылар күні» мерекесінің өтілуі бойынша ақпарат

Дата: 2014-11-17 06:37:17
Балқаш қаласы бойынша «Қамқоршылар күні» мерекесінің өтілуі бойынша ақпарат

 

2014 жылдың 27-30 қазанында қаламыздағы барлық білім мекемелерінде ««Қамқоршылар күні» мерекесі ұйымдастырылды.

        Мерекені ұйымдастыруға білім мекемелері түрлі формаларын қолданды. №1 ОМ «Сердце, отданное детям» атты үлкен мерекелік шара түрінде ұйымдастырылды. Демеушілік көмек арқылы апалы-сіңлілі Пигарева Галина мен Софья жаңа компьютер, өзге қорғаншылықтағы балаларға сыйлық үлестірілді. Мектеп әкімшілктері қорғаншыларды Алғыс хатпен марапаттады.

№8 орта мектебінде «Аялы алақан» кеші ұйымдастырылды. Мерекеге қамқоршылар мен бірге ата-аналар комитеті, Әкелер кеңесі мүшелері қатысты.

№15 ОМ «Жылы жүрек-жақсы тілек» семинар-тренингі ұйымдастырылды.

№10ОМ «Семья: проблемы, поиски, решения» атты дөңгелек столы, №2 лицейде «Мейірімі мол жандар» іс-шарасы, №2 мектеп-интернатында «Біздің борышымыз-балалар болашағы» атты шара ұйымдастырылды.