Мектеп директорының ата-аналарға үндеуі...

Дәреже: Үндеу
Мектеп директорының ата-аналарға үндеуі...

Құрметті ата-аналар және оқушылар. 

Бүкіл әлемге жайылған корановирус індетінің таралуын тоқтату мақсатында елімізде төтенше жағдай жарияланғаны баршаңызға мәлім. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі түбегейлі өзгерді. Бұл індеттің алдын алу қадамдарының бірі.

16 наурыздан бастап білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары демалысқа, мектеп ұжымы қашықтықтан жұмыс жасауда. Осылайша оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігі алғы шепке шығарылды.

Биылғы оқу жылының 4 тоқсаны 6 сәуірде қашықтықтан оқуға көшіріледі. Түсінемін барлығымызда қорқыныш, үрей туындайды. Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастырамыз, қалай іске асады деген сұрақтар туындауы мүмкін. Сол себепті сіздерге ақпарат беруді жөн көрдім. Бұндай жағдайда ең бірінші бізден талап ол сабырлық, түсіністік қажет. Төртінші тоқсанды ұйымдасқан түрде бастау үшін сіздердің тараптарыңыздан қолдау көрсетуді сұраймын. Оқу жылының ең негізгі 3 тоқсанын өткіздік, 4ші тоқсан өздеріңіз білесіздер өткен тақырыптарды қайталау, пысықтау сабақтары жүргізіледі. Соған қарамастан біз барлық мүмкіндіктерді қолданып, оқушыларға білім мазмұнын жеткіземіз.

Ең алдымен мектеппен, сынып тәрбиешісімен тығыз байланыс орната отырып, білім алу үшін балаларыңызға мүмкіндік, жағдай жасауды қолға алуларыңызды өтінемін. Мектеп тарапынан да көмектер көрсетіледі. Ешқандай оқушы тыс қалмайды. Білім мазмұны әр оқушыға жеткізіледі. Қазіргі таңда мұғалімдер қашықтықтан оқуға қажетті байланыс түрлері мен тәсілдерін оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы кезеңде сіздерден түсіністікпен қарап, қол ұшын берулеріңізді сұраймын. Мұғалімдер өз тарапынан оқу материалын толық меңгерту үшін инновациялық технологияларды қолданып, қол жетімді білім ресурстарын әзірлеуде.