Қуанышбаев Айдос Кәріғұлұлы

Дәреже: Officials
Қуанышбаев Айдос Кәріғұлұлы
Бөлім басшысының орынбасары
 
Жалпы ережелері:
- Бөлім басшысының орынбасары өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік қызмет жұмысын жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілерін, облыс, қала әкімінің шешімдері, өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады;
- Бөлім басшысының орынбасары өз жұмысын бөлім басшысының бекіткен және бөлімнің өз жоспарына сай белгілейді;
- Бөлім басшысының орынбасары бөлім басшысына бағынады, бұйрықтар мен тапсырмалар қабылдайды;
- Бөлім басшысының орынбасары ҚР-ның заңдарына сәйкес қызметке алып және босатады;
- Бөлім басшысының орынбасары болмаған кезде оның міндеті білім бөлімінің қызметкерлеріне жүктеледі.
 
Міндеттері:
- Мемлекеттік қызметкерлер мәртебесіне сай Заң талаптарын сактау;
- Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің ережелерін еңбек тәртібін сақтау;
- Өрт қауіпсіздігін, техникалық қayiпciздiк ережелерін, мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- Басқарушылар жарлығын, бұйрығы мен тапсырмаларын уақытылы әpi сапалы орындау;
- 3аңмен қорғалатын мемлекеттік, қызмет құпияларын қызметтен босатылғаннан кейін де сақтау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде құқықтық-нормативті актілер талаптарын қатаң орындау;
- Іс-қағаздарын жүргізу нұсқаулығы мен ic номенклатурасын бекітілген мұрағат ережелеріне сәйкес ic-қағаздарын жүргізу мен құжаттарды сақтаудың сапалы орындалуын қадағалау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде ақпараттар, есеп, анықтамалар, хат және өзге де құжаттар құрап дайындау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде құжаттарға бұрыштама қою;
- Компьютермен жұмыс icтей білу;
- Жоғары тұрган, өзге ұйымдардан келген сауалдар мен бақылау тапсырмаларын уақытылы орындау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде азаматтардың өтініші мен хаттарын қарастырып, уақытылы сапалы жауап беру;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлеміндезаңдар жинағы мен заң күшіндегі актілерді, нұсқаулық құжаттарды білу;
- Семинарлар, мәжілістер ұйымдастыруға қатысу, қаланың білім мекемелері басшыларына кеңес беру;
- Құқықтық және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;
- Бөлімге жалпы басшылық жасау;
Білім бөлімі басшысының орынбасары:
- Жалпы білім беретін және жекеменшік мектептердің статистикалық есеп беруін ұйымдастыру;
- Мектепішілік тәртіпті қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік бағдарлама мен білім мекемелеріндегі білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік, сыныптан-сыныпқа көшу емтихандарының, ҰБТ өткізілуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- Білім ұйымдарын лицензиялау мен аттестациялау сұрағын бақылау;
- Бөлімнің тоқсандық, жылдык жоспарын жасау;
- Білім мекемелері жоспарларына сараптама жасау;
- Білім ұйымдарына мониторинг ұйымдастыру;
- Облыстык білім басқармасы мен қалалык әкімшілік өзге де ұйымдар алдында есеп беру іс-әрекетін бақылайды;
- Білім бөлімі кеңестеріне қарастырылатын сұрақтар дайындайды;
- Төтенше жағдай мен азаматтық қорғаныс сұрақтарына бақылау жасайды;
- Бөлім басшысын еңбек демалысы, iccaпaрғa шығу кезеңі, ауырған кездері ауыстырады;
- Кәмелетке толмаған ici мен олардың құқығын қорғау комиссиясы жұмысын жүргізеді;
- Азаматтарға жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.