Приказ Министерства образования и науки РК от 30.10.2018 № 595

"Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы

(2020.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 1-11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 1-қосымша

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң
үлгілік қағидалары

1 -тарау. Жалпы ережелер

1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) сәйкес әзiрленген түрлеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.

2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:

1) тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;

5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

3. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі топ болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.

Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту төмендегідей қарастырылған:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында (үш тәрбиеленушіден артық емес);

2) тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламасы бойынша бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда.

Топта ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілер болған жағдайда топтарды жинақтау осындай бір тәрбиеленушіге тәрбиеленушілердің жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

5. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай тәртіппен қызмет етеді:

1) толық күн болу;

2) жарты күн болу;

3) тәулік бойы болу.

6. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

7. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылдағанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

8. Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазқстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

9. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:

1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында - оқу жылы ("Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік бағдарлама) бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі;

2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында - жазғы сауықтыру кезеңі;

3) мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;

4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы жылы 1 қыркүйектегі толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

10. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны:

1) тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);

2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;

3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады.

11. Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан:

1) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;

2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;

3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады.

12. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:

1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе толығымен өтеледі;

2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерге арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

13. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагогтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

2-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi

14. Мектепке дейінгі ұйымдар "Білім туралы" Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.

15. Мектепке дейінгі ұйымдар:

1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - МЖМБС), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) және Үлгілік бағдарламасының толық көлемде іске асырылуын;

3) білім беру процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың тәрбиеленушілердің жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуін.

4) мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер тәрбиеленушілерді ағымдық медициналық бақылауды, иммундау және профилактикалық тексерулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастыруды;

5) мектепке дейінгі ұйым басшысы бекітетін он күндік ас мәзірін құрастыруды;

6) тәрбиеленушілерді теңгерімді тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс тәртібін, оның жиілігін ескеріп, Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Жарғыға сәйкес айқындалады;

7) тәрбиеленушілерде соның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтану мен табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруды;

8) заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіпте білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;

9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

16. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.

Педагогтердің штат бірлігі және тарифтеу мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылады.

17. Педагог қызметімен айналысуға педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам жіберіледі.

18. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері кәсіби қызметті жүзеге асыруда МЖМБС-ның талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың жолдары мен түрлерін дербес таңдайды.

19. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

20. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен жұмыс күндері және демалыс күндері осы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған және қамтылмаған тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталады.

21. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.

22. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.

23. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

24. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.

25. Білім беру процесінің қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогтер болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесі МЖМБС негізінде әзірленген Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.

26. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы білім беру процесіне қатысушылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастық негізде құрылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 2-қосымша

Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және "Назарбаев зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, олардың меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

3. Білім беру ұйымдарының міндеттері:

1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

2) "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады.

4. Білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.

6. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:

1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);

2) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.

7. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.

8. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.

9. Білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.

10. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі.

Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.

11. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша оқушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.

12. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.

13. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады.

14. Оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 25 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

15. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2 -тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

16. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.

17. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.

18. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа "Білім туралы" Заңның 51-бабында көзделген адамдарға рұқсат етілмейді.

19. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

20. Білім беру ұйымдарының педагогтары "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

21. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

22. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

23. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.

Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.

24. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.

25. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу жоспаларына және МЖМБС-на сәйкес қамтамасыз етеді.

26. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.

27. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

28. Меншік нысандарына қарамастан, барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.

29. Білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді.

30. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

31. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген).

32. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.

33. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

34. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.

35. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.

36. Барлық білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

37. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет.

38. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

39. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

40. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

41. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 3-қосымша

Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің (бұдан әрі - ТжКБ) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Техникалық және кәсіптік бiлiм "Білім туралы" Заңның 32-бабына сәйкес негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждер мен жоғары колледждерде алынады.

3. ТжКБ мiндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын қамтамасыз ету;

3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйелерін дамыту;

4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

5) техникалық және кәсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.

4. ТжКБ ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

5. ТжКБ ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

6. ТжКБ ұйымдары "Білім туралы" Заңда, осы Қағидаларда және ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруда дербес болады.

7. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары өз қызметін қолданыстағы "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

8. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.

9. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған бекітілген оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.

ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда) негізінде (бұдан әрі - кәсіптік стандарт), "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.

11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).

12. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

Әскери мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген). Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Әскери мамандықтар бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволар бағынысты әскери органдарына ауыстуру және қайта қабылдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда

14. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

16. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

17. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.

Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.

Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.

Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минут үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.

Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.

ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында әскери мамандықтар бойынша аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы кемінде 40 минут академиялық сағат белгіленеді.

18. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

19. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

20. ТжКБ бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда

21. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқу процесінің қатысушылары студенттер, педагогтер және кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілдері болып табылады.

22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда

23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда

24. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына және 44-бабының 9-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 25-тармақ жаңа редакцияда

25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары педагогінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

26. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны және тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

27. Бөлімшеге басшылық етуді ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

Бөлімше меңгерушісі:

1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;

2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;

3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;

7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

28. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.

29. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарында теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің, оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында практика жетекшісінің басшылығымен, тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында - практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы қамтиды.

Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау, оның ішінде өнімдер (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.

ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісінің өнімдерін өткізеді.

30. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.

31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары - мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

Оқу-өндірістік шеберханалар:

1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

2) білім алушылардың оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.

Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерді қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.

32. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесі, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.

33. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

35. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыретіне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 36-тармақ жаңа редакцияда

36. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогі "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 37-тармақ жаңа редакцияда

37. ТжКБ-да алқалық басқару органдары құрылады. ТжКБ-ны алқалық басқарудың нысандары - педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 38-тармақ жаңа редакцияда

38. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ТжКБ білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.

39. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

40. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

41. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктіліктерін береді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 42-тармақпен толықтырылды

42. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 43-тармақпен толықтырылды

43. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бар мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 44-тармақпен толықтырылды

44. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ТжКБ ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 45-тармақпен толықтырылды

45. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 4-қосымша

Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және меншiк нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ОБК ұйым) қызметінің тәртібін айқындайды.

2. ОБК білім беру бағдарламалары орта білімі (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) бар азаматтар арасынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.

3. ОБК мiндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;

3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;

4) білім алушылардың дұрыс, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

4. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

5. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

2 -тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

6. ОБК білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.

7. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Қағидаларда және ОБК ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

8. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.

9. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Оқу-тәрбие процесінің графигі мен оқу сабақтарының кестесін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алудың қағаз журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда) негізінде (бұдан әрі - кәсіптік стандарт), "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген ОБК-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.

11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.

12. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.

13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда

14. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

15. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

16. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.

Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.

ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.

Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.

17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 19-тармақ жаңа редакцияда

19. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагогтер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылар болып табылады.

20. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда

21. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда

22. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына және 44-бабының 9-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда

23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

24. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан тыс жерлерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімшелер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

Бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

25. Бөлімшеге басшылық етуді ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

Бөлімше меңгерушісі:

1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;

2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;

3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;

7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

26. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

27. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практикалар базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен келісілген оқу жұмыс бағдарламаларын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін бекітеді.

28. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары - мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

Оқу-өндірістік шеберханалар:

1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.

Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу; әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.

29. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша, тікелей орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.

30. Кәсіптік практика мен өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады.

31. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

32. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 34-тармақ жаңа редакцияда

34. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогі "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 35-тармақ жаңа редакцияда

35. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық және педагогикалық этика жөніндегі кеңестер болып табылады.

36. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 37-тармақ жаңа редакцияда

37. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ОБК білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.

38. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 39-тармақпен толықтырылды

39. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 40-тармақпен толықтырылды

40. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бар мамандықтар бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 41-тармақпен толықтырылды

41. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ОБК ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 42-тармақпен толықтырылды

42. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақ үйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.24.12. № 539 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 5-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестiрiлген (консерватория) ұйымдар ұсынады.

3. ЖЖОКБҰ міндеті - ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасу мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

4. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы", 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы", 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабына сәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

5. ЖЖОКБҰ-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖЖОКБҰ жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.

ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына, ӘАОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

6. ЖЖОКБҰ-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай директорлар кеңестері немесе құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де басқару органдары болып табылады.

Білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары кеңес (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандар болып табылады.

ЖЖОКБҰ басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖЖОКБҰ-ның ішкі ережелерімен регламенттеледі.

7. ЖЖОКБҰ өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.

8. ЖЖОКБҰ қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖЖОКБҰ басшысы жүзеге асырады.

9. ЖЖОКБҰ проректорларын тағайындау, олардың саны және лауазымдық өкілеттіліктері ЖЖОКБҰ-ның ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

ӘАОО-да Қазақстан Республикасының қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшының орынбасарлары болады.

10. ЖЖОКБҰ басшысы ЖЖОКБҰ-ның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, заңнамада белгіленген тәртіппен ЖЖОКБҰ мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

11. ЖЖОКБҰ басшысы алқалы басқару қағидаттарында ЖЖОКБҰ-ны басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарының сақталуын, қаржылық тәртіптің, шарт талаптарында көзделген ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

12. ЖЖОКБҰ-ның басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ӘАОО-да басшы Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

13. Сот төрелігі академиясының, ӘАОО-ның басшыларын қоспағанда, ЖЖОКБҰ-ның басшысы жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастықпен ЖЖОКБҰ-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде есеп беру кездесулерін өткізеді.

ЖЖОКБҰ-ның қаржылық есебі алдын ала басқару органдарымен келісіледі.

14. ЖЖОКБҰ-ның персоналды (қызметкерлерді) басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, ол адам ресурстарын дамыту, рекрутингті, жоғары оқу орнының басшы кадрларын, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын меритократия қағидаттарына негізделеді.

Бұл ретте, Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет тиісті сертификат (куәлік) ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) тағылымдамадан өтуі қамтамасыз етіледі.

15. ЖЖОКБҰ жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарың біліктілік сипаттамаларын айқындау арқылы белгілейді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, ЖЖОКБҰ дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.

Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-ші деңгейіне сәйкес келетін тәжірибелі мамандар тартылады.

ӘАОО-да және Сот төрелігі академиясында дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына және 5-2 бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.

16. ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

ӘАОО-ның профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес айқындалады.

17. ЖЖОКБҰ өз құрылымын қалыптастырады және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖЖОКБҰ қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.

Комерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - КеАҚ) нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімді қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

ӘАОО құрылымын "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженiң 4-бабының 16-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес айқындалады.

18. ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

19. Штаттық кестені ЖЖОКБҰ айқындайды және оны жыл сайын басшысы бекітеді.

КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да штаттық кестені бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

ӘАОО-да штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

20. ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормаларын, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерін айқындайды.

ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

21. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.

22. Академиялық саясат ЖЖОКБҰ-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді және сақталады.

Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖЖОКБҰ айқындайды.

23. ЖЖОКБҰ-да оқу жылы қыркүйек айынан, бейіндік магистратура бағдарламалары бойынша қыркүйек және қаңтар айларынан басталып, академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.

24. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамсыз етеді.

ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдауды аяқтағаннан және білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде осы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.

ЖЖОКБҰ білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрайды.

Осы тармақта көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына таратылмайды.

25. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын ЖЖОКБҰ бекітеді.

КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

26. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ӘАОО-ның білім беру қызметі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

27. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі - ҚБТ) бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) сәйкес ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

28. ЖЖОКБҰ оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде ҚБТ пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.

29. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердің синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі - бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.

Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары мен тәртібін ЖЖОКБҰ әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.

Оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің басылымға шығаруға ұсынылған ғылыми жұмыстарын бөтен мәтінді пайдалануды анықтау жүйелерінде тексеруге рұқсат етіледі.

30. ЖЖОКБҰ оқытушысы білім беру бағдарламалары, оқу бағдарламалары (силлабус) және ең үздік халықаралық білім беру практикасы негізінде оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

31. ЖЖОКБҰ осы қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖЖОКБҰ-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

Уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ таратылған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары ЖЖОКБҰ-ның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ерікті түрде тоқтату немесе тарату туралы жүгінген күнінен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

Егер ЖЖОКБҰ білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.

Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысады.

Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖЖОКБҰ даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзған жағдайларын ескереді. Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖЖОКБҰ тиісті комиссияны құрады.

Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.

Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖЖОКБҰ-дан ұлттық ЖЖОКБҰ-ғa немесе өзге де ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламаларының тобынан басқа білім беру бағдарламаларының тобына білім алушының ауысуы "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

Шетелдік ЖЖОКБҰ-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

32. Білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, бала асырап алған жағдайда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.

Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін ЖЖОКБҰ анықтайды және сақталуын қамтамасыз етеді.

33. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

34. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖЖОКБҰ еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады және сақталуын қамтамасыз етеді, ол мыналарды қамтиды:

1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;

2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;

3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;

4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;

5) оқытушылар құрамы;

6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

7) ақпаратты басқару;

8) жұртшылықты хабардар ету;

9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;

10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.

Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын, білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылады.

Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның құрамына оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ЖЖОКБҰ-ның басқа академиялық қызметкерлері кіреді. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысына ЖЖОКБҰ-ның әкімшілік-басқару қызметкерлерінің өкілдері қатысады.

35. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:

1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;

2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;

3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;

4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде оқытушыға құрмет көрсету;

5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;

6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;

7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін шаралар қабылдау;

9) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздықты көрсетудің алдын-алуға көмектесетін академиялық ортаны жасау.

36. ЖЖОКБҰ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасайды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

37. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.

Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.

ЖЖОКБҰ кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.

Негізгі білім беру бағдарламасын (Major) (мейжор) және қосымша білім беру бағдарламасын (Мinor) (минор) іске асыру кезінде негізгі білім беру бағдарламасының (Major) (мейжор) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) практика базасы ретінде айқындалады.

Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын ЖЖОКБҰ айқындайды.

Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны білім беру бағдарламасымен айқындалады.

Кәсіптік практиканы өткізу базасы ретінде кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.

ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.

38. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану "Білім туралы" Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

39. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖЖОКБҰ-да тіркеу офисі құрылады.

ӘАОО-да оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі құрылады.

40. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖЖОКБҰ өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша айқындайды және сақтайды.

Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шкаласына сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

Тілді меңгеру деңгейі шет тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (бұдан әрі - ЖЕҚ) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.

41. Білім алушы ЖЖОКБҰ-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

1) академиялық үлгермеушілігі;

2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖЖОКБҰ жарғысын бұзғаны үшін;

4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

5) өз еркімен.

42. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап өтпей-ақ ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.

ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім алушыға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.

Транскрипте FX және F бағаларымен қоса барлық қорытынды бағалары көрсетіліп, білім алушы игеріп алған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.

43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖЖОКБҰ белгілейді.

ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу үшін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.

44. Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:

1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

2) бітірушіге бакалавр немесе магистр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "маман" біліктілігін беру;

3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

45. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

46. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

47. Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.

ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", 2012 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", 2014 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.

48. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.

Диплом қосымшасында оқудың және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

49. ЖЖОКБҰ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекітеді.

Коммерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

50. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің басқа түрлері бойынша А, А - "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ кешенді емтихан және (немесе) диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

51. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

52. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, білім беру ұйымының басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның сайтында орналастырылады.

53. ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіру жылы ішінде бітірушілердің кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, ЖЖОКБҰ түлектеріне құрылған жұмыс орындарының санына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда жоғары оқу орны бітірушілердің кемінде 50%-ын кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіргеннен кейінгі екі жыл ішінде жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

54. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

ӘАОО-да тәрбие жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларында айқындалған қосымша жұмыс түрлерін қамтиды.

55. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының адами қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

ЖЖОКБҰ-да тәрбие жұмысы қазақстандық бірегейлік пен бірлік, "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтары, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне атымен төзбеушілік негізінде жүзеге асырылады.

ЖЖОКБҰ білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органның отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.

56. ЖЖОКБҰ-дағы ғылыми-зерттеу жұмыс қызмет түрлеріне сәйкес:

1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуді;

2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;

3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;

4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді әзірлеуді;

5) ӘАОО-ны қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құруды және ендіруді;

6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.

57. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

ЖЖОКБҰ шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

Бұл ретте, ЖЖОКБҰ шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖЖОКБҰ халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды.

ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

58. ӘАОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асырады.

59. ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

60. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу және ғылыми әдебиетті қамтиды.

ЖЖОКБҰ-лар білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен және (немесе) электрондық ресурстармен қамтамасыз етеді.

61. ЖЖОКБҰ Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктірілген және білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта) және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толтырудың толықтығын, нақтылығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.

Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бар ақпаратты ЖЖОКБҰ сайтында орналастырады.

62. Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-да тиісті жағдай жасау үшін қажетті материалдық активтердің (дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының), ғимараттардың (оқу корпустарының): меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, немесе мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен ЖЖОКБҰ үшін кемінде 5% сенімгерлік басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін оқу үй-жайлары мен ауданының болуы, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның, ғимараттарында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың бар болуы ЖЖОКБҰ қызметінің міндетті шарты болып табылады.

ЖЖОКБҰ басқа қалалардан келген білім алушылардың тұруы үшін жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде жағдай жасайды.

63. Қаржылық ресурстар көздеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырудан алынған бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат көздері жатады.

64. ЖЖОКБҰ қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде бөлінген бюджеттік қаражатты және бюджеттен тыс қаражатты жұмсайды.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидаларына
1-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидаларына
2-қосымша

Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

В

Жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыреті (бұдан әрі - ОЕК) бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

          

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 6-қосымша

Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Мамандандырылған білім беру ұйымы мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беруді іске асырады.

3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.

4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мақсаты - серпінді дамып келе жатқан ортада өзін өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:

1) тереңдетілген білім беруді іске асыру;

2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;

3) дарынды балаларды оқытудың дараландырылған сипатын және білім алушылардың мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету;

4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру;

5) ұлттық мақтаныш, азаматтық абырой, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік сезіміне ие азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

6. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

2-тарау. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

7. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін "Бiлiм туралы" Заңның 57-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

9. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің және білім беру процесін ғылыми сүйемелдеудің болуы қажет. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.

10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасында бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.

11. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

12. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарын және мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады.

13. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұраныстарына және кадр әлеуетінің мүмкіндіктеріне сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтерді айқындайды.

14. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әрбір деңгейдегі сынып-жиынтықтарының және сыныптардағы білім алушылардың саны тиісті жағдайлар болған кезде қалыптастырылады.

15. Қазақ (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техникасының, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем пәндер негіздерін оқу, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін және шетел тілінде оқытатын пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлуге рұқсат етіледі.

16. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді (тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топқа бөлуге рұқсат етіледі.

17. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын талап етеді.

18. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздейді.

19. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілерде патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты көзқарасты, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

20. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

21. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

22. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер мамандандырылған білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары болып табылады.

23. Тікелей басшылықты "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес және қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша тағайындалатын басшы жүзеге асырады.

24. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

25. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.

26. Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандандырылған білім беру ұйымы шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.

27. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:

1) мемлекеттік - жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;

2) "Бiлiм туралы" Заңның 63-бабына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және басқа да қызмет түрлерінен алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

29. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен халықаралық қызметке қатысады.

30. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар жұмысына қатысу бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.

31. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 7-қосымша

Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңды, осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға олардың білім алуы, даму бұзылуының түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

3. Арнайы білім беру ұйымдарына:

1) "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі - МЖМБС) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

2) түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту сабақтарын өткізуге бағытталған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары);

3) білім беру бағдарламаларын игеру үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау мақсатында, сондай-ақ арнайы білім беретін оқу бағдарламаларының түрін айқындау және білім беру ұйымдарына жіберу үшін арнайы оқу диагностикалық бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - ПМПК) жатады.

4. Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылады.

6. Интеллектісі сақталған балалар оқитын арнайы орта білім беру ұйымдарының сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтар жүзеге асырады.

Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын сыныптарда білім беру қызметін арнайы педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.

Түзету компонентінің барлық сабақтарын "Бiлiм туралы" Заңның 51-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтетін арнайы педагогикалық білімі бар педагогтар жүргізеді.

Интернат үлгісіндегі арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің педагогикалық білімі болады.

7. Арнайы білім беру ұйымдарының (топтардың) білім беру қызметі арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

8. Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде әрбір ұйымда "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) ПМПК ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы білім беру ұйымының жұмыс ерекшелігін, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді.

Оқу жұмыс, жеке немесе қысқартылған жоспарлар мен бағдарламалар педагогикалық кеңесте қаралады және білім беруді басқару органының келісімі бойынша ұйымның басшысы бекітеді.

9. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарына, арнайы оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен және сабақ кестесімен регламенттеледі.

Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арнайы ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту нысанында, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатымен экстернат нысанында игеріледі.

Үйде оқытуды, еркін қатысуды, білім алудың жеке нысандарын үйлестіруге рұқсат етіледі.

10. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болғанда каникул кезінде балаларды дамыту мен оқыту мәселелері бойынша заңды өкілдер үшін консультациялар өткізеді.

11. Арнайы білім беру ұйымдарының психологтары, логопедтері, педагог-дефектологтары қажет болған жағдайда білім алушылармен түзету-дамыту сабақтарын өткізеді.

12. Арнайы білім беру ұйымдарында сапалы білімді қамтамасыз теу және жеке және сараланған ықпалды іске асыру үшін білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды педагог, психолог, логопед, педагог-дефектолог жүзеге асырады.

13. Білім алушыларды өзге арнайы немесе жалпы білім беру ұйымдарына ауыстыру ПМПК-ның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.

14. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша факультативтік сабақтарды өткізу кезінде сынып екі топқа бөлінеді.

Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекті ұйымдастыру кезінде 5 сыныптан бастап сынып оқушылардың еңбек дайындығының бейіндерін есепке ала отырып топтарға бөлінеді.

Бесінші сыныптан бастап кәсіптік-еңбекке баулу бойынша, ал ақыл-есі кеміс балалар үшін төртінші сыныптан бастап білім алушылар екі топқа бөлінеді.

Еңбек түрлері бойынша топтарды жасақтау дәрігердің ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жай-күйі мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

15. Сабақ кестесін әкімшілік әзірлейді және арнайы білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

16. Сабақ кестесінде оқу және жеке түзету сабақтарының күн сайынғы саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.

Сабақтардың ұзақтығы белгіленген нормаларға сәйкес келеді және сағат 8-ден кейін басталады.

17. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімен негізделген сараланған және жеке көзқарас қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұмысқа қабілеттілігін, олардың даму динамикасын, оқушылардың нақты білімін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі түрде зерделеу оқушының даму перспективасын анықтау және түзету жұмысының құралдарын таңдау үшін жүргізіледі.

18. Оқу аптасының ұзақтығын тиісті білім беруді басқару органымен келісім бойынша педагогикалық кеңес белгілейді және жарғыда бекітіледі.

19. Дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мақсатында арнайы ұйымда білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін топтық және жеке түзету сабақтары (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог және сурдопедагог) өткізіледі.

20. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі жеке және қысқартылған оқу жоспарлар мен бағдарламаларды бекітеді.

21. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды ескере отырып және тәрбиеленушілердің психофизикалық дамуының, денсаулығының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, жеке еңбек қызметі үшін білім алушыны (тәрбиеленушіні) даярлауды қамтитын еңбек бейінін таңдау негізінде жүзеге асырылады.

22. Ақау құрылымы күрделі білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) арналған сыныптар (топтар) оқу-тәрбие процесі жағдайларында психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылау барысында осындай білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) анықталуына қарай арнайы білім беру ұйымында жасақталады.

23. Арнайы оқу бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын игеру кезінде ерекше табыстарға қол жеткізген түлектерге үздік білім туралы құжаттар беріледі.

Интеллектуалды бұзушылықтары бар түлектерге "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түрлері мен нысандарына және оларды беру қағидаларына сәйкес тиісті білім деңгейі туралы құжат беріледі.

24. Арнайы білім беру ұйымының персоналын жасақтау тәртібі оның жарғысымен және мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес реттеледі.

25. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған нормативтік оқу жүктемесі:

бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлері аптасына 18 сағатты, тәрбиешілер үшін 25 сағатты құрайды;

мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар аптасына 24 сағатты құрайды;

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары - 18 сағат;

мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар, ПМПК аптасына 24 сағатты; ПМПК басшылары мен медициналық статистері үшін 30 сағатты құрайды.

Педагогтар үшін ағымдағы жылы белгіленген оқу жүктемесінің көлемі осы жылдың соңына дейін әкімшіліктің бастамасы бойынша өзгермейді.

26. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етуді штаттық медициналық қызметкерлер жүзеге асырады, олар арнайы ұйымның әкімшілігімен бірлесіп, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын сақтауға және олардың психофизикалық жай-күйін нығайтуға, диспансерлеуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жауап береді және санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің сақталуын, дене тәрбиесі мен шынықтыру, тамақтану, оның ішінде диеталық тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылайды.

27. Медициналық қызметкерлер педагогтарға білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке және сараланған қатынасты ұйымдастыруда көмек көрсетеді, медициналық-педагогикалық түзету, еңбекке баулу бейінін іріктеу, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, заңды өкілдерге аурулардың алдын алу мақсатында үй жағдайында қорғау режимін сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді.

28. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік емдеу, климаттық емдеу және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия жүргізіледі.

29. Білім беру ұйымының басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

30. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

31. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.

32. Арнаулы білім беру ұйымдары "Бiлiм туралы" Заңның 43-бабында белгіленген нормалар шегінде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

33. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға қарай қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.

35. Арнайы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 8-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балаларға және ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.

2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымы) - жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.

3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етіледі.

4. Білім беру ұйымы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "Баланың құқықтары туралы" Заң), осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына, басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.

5. Білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

Білім беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.

Білім беру ұйымы оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақтануды және табиғи және жас өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне талаптарға қарай:

1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;

2) мектеп жасындағы балалар үшiн;

3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн құрылады.

7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы тәрбие топтары құрылады.

8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi штаттық медициналық персонал жүзеге асырады, ол ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeдi.

9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына, "Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген жүзеге асырылады).

2-тарау. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібі

10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойы туғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне - балалар үйлерiнің, балалар қалашықтарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi 23 жасқа дейiнгі):

1) жетiм балалар;

2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

11. Медициналық көрсетімдер бойынша немесе басқа себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту "Баланың құқықтары туралы" Заңға сәйкес бөлек жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:

1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;

2) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);

3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;

4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);

5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;

6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);

7) жақын туыстарының болуы және тұрғылықты жерi туралы анықтама;

8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;

9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;

10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алған жағдайда).

13. Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымында тәрбие жұмысы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.

Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.

14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылады.

Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелерге, секцияларға баруын қамтамасыз етедi.

15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.

16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметінің үлгiлік қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес және "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге:

1) өмірі мен денсаулығының сақталуына;

2) қадір-қасиетінің қорғалуына;

3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;

4) оның шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына;

5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына;

6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі.

19. Бiр бiлiм беру ұйымынан басқасына ауысқан немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:

1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);

2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;

3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;

4) бiлiмi туралы құжат;

5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;

6) егер жеке iсiнде болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiруге арналған атқару парағы және басқа да құжаттар берiледi.

20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ол болмаған жағдайда - ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi.

21. Педагогикалық, әдістемелік және қамқоршылық кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.

22. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда

23. "Педагог мәртебесі туралы" Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының жетекші персоналының, оқытушыларының біліктілік санатын арттыру (растау) кемінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

24. Білім беру ұйымдарының персоналын жасақтау "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.

25. Білім беру ұйымы жергілікті жағдайларға қарай оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханаларды құрады.

26. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

27. Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

28. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 9-қосымша

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында "Білім туралы" Заңның 37-бабына сәйкес білім алушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.

4. Мемлекет балалар үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің қолжетімділігін, олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері:

1) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;

3) адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;

5) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

6. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары орта білім беру ұйымдарында іске асырылады.

2-тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда

9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын мұғалімдер, әдіскерлер, ұйымдастырушы мұғалімдер және оларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - мұғалімдер), тиісті профильдегі мамандар жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Жетекші кадрлар мен мұғалімдерді, сондай-ақ балаларға қосымша білім берудің мемлекеттік ұйымының тиісті профиліндегі мамандардың біліктілігін арттыру кем дегенде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

11. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары болып табылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

12. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен алып тасталды

13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік білім беруді басқару органдары өз құзыреттеріне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Жаңадан құрылған қосымша білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.

14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы ақылы негізде білім беру және өзге де қызметтерді ұсынады, "Білім туралы" Заңның 62-бабының шеңберінде осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді.

15. Қосымша білімнің білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде оқу-тәрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр) (бұдан әрі - бірлестіктер) жүзеге асырылады.

16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы және түрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді.

17. Әр бала бірнеше үйірмелерге барады, оларды қалауы бойынша ауыстырады.

18. Қызығушылықтар бойынша бірлестік қызметінің мазмұнын оқу жоспарлары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогы айқындайды.

19. Сабақтар бір тақырыптық бағыттағы қосымша білімнің білім беру бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі, барлық оқу жылына да, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады.

20. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шарт бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік беріледі.

21. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда

22. Балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыруда әдістемелік жұмыстар, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу, мұғалімдердің, сонымен қатар тиісті профильдегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

23. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.

24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес әрекет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.

25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты күнтізбелік жыл бойы ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай клубтар, лагерьлер және туристік базалар ашылады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты жері бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрылады, шеберлік сабақтары өткізіледі.

26. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп, сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беру пәндері мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен біріктірілген сабақтар өткізеді.

27. Қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.

28. Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде бірлестіктердің жұмысына балалардың заңды өкілдері қатысады.

29. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде балалардың заңды өкілдерін оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен таныстыруды қамтамасыз етеді.

30. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

31. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасында айқындалған.

32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендруді қамтамасыз етеді.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 10-қосымша

Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына қарамастан, ересектерге арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) жүзеге асырады.

3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:

1) технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптардың тұрақты артуын ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;

3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.

2-тарау. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібi

5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 42-бабына сәйкес осы Үлгілік қағидаларда және ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу және орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес болады.

6. Білім беру ұйымының оқу және тәрбие процесінде негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.

7. Білім беру ұйымдарының оқу процесі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту кезінде олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады.

8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді.

9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда, ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады.

10. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау кәсіпорындармен (бірлестіктермен), білім беру ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 207 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамына білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа ұйымдар кіреді.

14. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілердің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды.

Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

Білім алушыға оқу кезінде оның осы ұйымда оқуда болу мерзімін куәландыратын анықтама беріледі.

15. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тәртібі халықаралық келісімдермен және "Білім туралы" Заңның 65- бабына сәйкес айқындалады.

16. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылады.

Ақылы негіздегі оқу құнын "Білім туралы" Заңның 63-бабының 4) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымы айқындайды.

Медициналық және фармацевтік қызметкерлердің қосымша білім алуы бюджет қаражаты есебінен аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарда институционалдық аккредиттеуден өткен оқыту ұйымдарында жүзеге асырылады.

17. Білім беру ұйымдарының білім алушылары:

1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады;

2) қосымша білім беру бағдарламаларын игеру үшін қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелердің қызметтерін пайдаланады;

3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін және басқа да материалдарды жариялайды.

18. Біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.

19. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды.

20. Білім беру ұйымының қызмет етуі және дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды.

21. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшысы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

22. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жауапкершілікте болады.

23. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

24. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.