Приказ Министерства образования и науки РК от 01.02.2019 №
53
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабының
14) тармақшасына сәйкес,
сондай-ақ
меншік нысанына
және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылын
ұйымдасқан түрде
аяқтау мақсатында
бұйырамын:
1.
Оқу жылын
аяқтаудың мынадай
мерзімдері белгіленсін:
1)
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан орта
білім беру
ұйымдарында оқу
сабақтарының
аяқталуы –
2019 жылғы 25 мамыр;
2)
9 (10) сыныптарда білім алушылардың
қорытынды бітіру
емтихандары –
2019 жылғы 27 мамыр
– 6 маусым,
мемлекеттік бітіру
емтихандары –
2019 жылғы 28 мамыр
– 30 маусым
аралығында.
2.
9 (10) сыныптардың білім алушылары
қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:
1)
таңдау бойынша
пәннен (физика,
химия, биология,
география, геометрия,
Қазақстан тарихы,
дүниежүзі тарихы,
әдебиет, шетел
тілі (ағылшын,
француз, неміс),
информатика) ауызша
емтихан –
2019 жылғы 27 мамыр;
2)
орыс, өзбек, ұйғыр және
тәжік тілдерінде
оқытатын мектептерде
қазақ тілінен
ауызша емтихан
және қазақ
тілінде оқытатын
мектептерде орыс
тілінен ауызша
емтихан –
2019 жылғы 30 мамыр;
3)
ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан
(оқыту тілі
бойынша) (гуманитарлық циклдегі
пәндерді тереңдетіп
оқытатын мектептердің
білім алушылары
үшін –
шығарма, қалған
білім алушылар
үшін –
диктант) –
2019 жылғы 3 маусым;
4)
математикадан жазбаша емтихан – 2019 жылғы
6 маусым.
11
(12) сынып білім алушылары қорытынды
аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:
1)
ана тілі және әдебиетінен (оқыту
тілі) жазбаша
емтихан –
2019 жылғы 28 мамыр;
2)
таңдау бойынша
пәннен (физика,
химия, биология,
география, геометрия,
дүниежүзі тарихы,
әдебиет, шетел
тілі (ағылшын,
француз, неміс), информатика) тестілеу – 2019 жылғы 31 мамыр;
3)
орыс, өзбек, ұйғыр және
тәжік тілдерінде
оқытатын мектептерде
қазақ тілінен
және қазақ
тілінде оқытатын
мектептерде орыс
тілінен тестілеу
– 2019 жылғы
31 мамыр;
4)
алгебра және анализ бастамалары
пәнінен жазбаша емтихан – 2019 жылғы 4 маусым;
5)
Қазақстан тарихынан
ауызша емтихан
– 2019 жылғы
7 маусым.
3.
Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау
2019 жылғы 10 –
30 маусым аралығында
өткізіледі.
4.
Қазақстан Республикасы
Білім және
ғылым министрлігінің Мектепке
дейінгі және
орта білім
департаменті:
1)
11 (12) сыныптардың білім алушылары
үшін емтихан
тапсырмаларының пакеттерін
дайындауды және
облыстардың, Астана
және Алматы
қалаларының білім
басқармаларына, сондай-ақ республикалық
мамандандырылған орта
білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптары білім
алушылары үшін
2019 жылғы 23 мамырға
дейін жеткізуді
ұйымдастырсын;
2)
заңнамада белгіленген
тәртіппен осы
бұйрықтың Қазақстан
Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
3)
осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап
күнтізбелік он
күн ішінде
оның көшірмесін
баспа және
электронды түрде
қазақ және
орыс тілдерінде
ресми жариялау
және Қазақстан
Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің
эталондық бақылау
банкіне енгізу
үшін "Республикалық
құқықтық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына
жолдауды;
4)
осы бұйрық ресми
жарияланғаннан кейін
оны Қазақстан
Республикасы Білім
және ғылым
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5)
осы бұйрық мемлекеттік
тіркеуден өткеннен
кейін он
жұмыс күні
ішінде Қазақстан
Республикасы Білім
және ғылым
министрлігінің Заң
қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді
ұсынуды қамтамасыз
етсін.
3.
Осы бұйрықтың орындалуын
бақылау Қазақстан
Республикасының Білім
және ғылым
вице-министрі
Э.А.
Суханбердиеваға жүктелсін.
4.
Осы бұйрық алғашқы
ресми жарияланған
күнінен кейін
күнтізбелік он
күн өткен
соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
© Материал из ЭС «ACTUALIS:
Образование»
vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 12.03.2019