Дәреже: МӘДЕНИ ІС - ШАРАЛАР

Балқаш қаласы Абай атындағы #2 лицейдің "Сенім" өзін- өзі басқару ұйымы.

2020-04-29 11:53:36

Скачать

Ата - аналар жиналысының қорытындысы!

Лицейде 2 сәуір күні қашықтықтан оқыту бойынша ата – аналар жиналысы өткізілді. Лицейдегі 41 сыныпқа берілген кесте бойынша жалпы ата - аналар жиналысын сынып жетекшілері ZOOM платформасы арқылы өткізді. Барлық сыныптар бойынша белгіленген күн тәртібінде «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ата – аналарға арналған жадынама» бейнероликтерді пайдалану арқылы ата –аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керектігі және оның жүргізілуі туралы нұсқаулықтар берілді. Қашықтықтан оқытуда ата – ананың баланы оқуға дайындығы, сабақты өткізуде туындайтын проблемалар, шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, дерттен сақтану түрлері туралы нұсқаулық, ережелер арқылы сақтық шараларын ұмытпау ескертілді. Лицей ата- аналары қашықтықтан оқыту жүйесінің жүргізілуіне байланысты балалардың оқуына барлық жағдай жасауға мүмкіншіліктері келгенше қолдау көрсететіні туралы, бұл жүйені қабыл алатындықтарын айтты. #Балқашбілім #школадома #Бізбіргеміз

2020-04-29 11:52:00

Скачать