Размер шрифта:

Дәреже: Все

Мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барды

24-26 қараша күндері мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барып қайтты. Мектептің аграрлық бағыты бойынша теориялық және практикалық білімнің қалыптасуы үшін оқушыларымыз аталмыш оқу орнының инновациялық білім деңгейімен танысты. Май, шұжық, сүт өңдеу, өндіру және наубайхана цехтарына барып тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, жер өңдеу технологиясының заманауи әдістерімен, техникасымен танысып, қуаңшылықтың алдын алу бойынша да оқушыларымыз көптеген мағлұматтар алды. Бұл экскурсия біздің «агросынып» оқушыларымыз үшін маңызды әрі қызықты практикалық сабақ болды деп айтуға болады.

2021-11-29 16:46:38

Скачать Смотреть

Адалдық сағаты

25 қараша күні мектепте оқушылармен адалдық сағаты өткізілді. Оқушылар Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовтың жолдауын көріп тыңдады. Ол өзі халқына қалай адал қызмет ететіні жайлы және барлық жастарға халқына адал қызмет етуге шақырды. Оқушылар өздеріне өте көп керекті мәлімет алды.

2021-11-25 16:36:22

Скачать Смотреть

7-8 сынып оқушылары арасында "Агросыныптардың" тұсаукесері өтті...

Мектеп оқушыларына экологиялық-агроэкономикалық білім беруде, бейіндік оқытуды дамыту аясында Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында 7-8 сыныптар арасында "Агросыныптың" ашылу тұсаукесері өтті. Агрономияда жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру үшін мектепте шығармашылық және ғылыми жобаларды әзірлеуге белгілі жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, ауылшаруашылық мамандықтарымен тереңірек танысу үшін биыл Нұрсұлтан қаласының Агротехникалық университетімен екіжақты меморандум жасалды. Оқушыларымызға осы жолда сәттілік тілейміз.

2021-11-22 10:20:56

Скачать Смотреть

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!." сурет байқауы

17 қараша күні 5-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру. Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге тәрбиелеу.

2021-11-19 16:59:08

Скачать Смотреть

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал.

2021-11-17 15:06:55

Скачать Смотреть

Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру

Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.

2021-11-17 15:04:19

Скачать Смотреть

Әдістемелік ұсынымдар «Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау»

Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар

2021-11-17 15:02:32

Скачать Смотреть

"Парасатты азамат" тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды...

"Адал ұрпақ" клубының жоспарына сай "Парасатты азамат" тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу.

2021-11-17 13:31:04

Скачать

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаттары

12 қазан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

2021-11-17 12:56:25

Скачать

Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді....

16 қараша күні 8 сыныптар арасында «20 қараша – дүниежүзілік балалар күні» айлығының аясында, оқушыларға құқық саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушылармен «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2021-11-16 16:47:18

Скачать Смотреть

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ СУ АЙДЫНЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ СУ АЙДЫНЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 1. Ешқандай жағдайда мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде шығуға болмайды (тұман, қар, жаңбыр жауған кезде); 2. Су айдынын топ болып кесіп өткен кезде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м) сақтау керек. 3. Егер рюкзактар болса, оны бір иыққа іліп қойыңыз, бұл сіздің астыңыздағы мұз жарылып кетсе, жүктен босатуды жеңілдетеді. 4. Ата-аналардан балаларды мұзға (балық аулауға, шаңғы және конькимен сырғанауға) қараусыз жібермеуіңізді сұраймыз. 5. Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең көп тараған себептерінің бірі - алкогольдік мас болу. Адамдар қауіп-қатерге орынсыз әрекет етіп, төтенше жағдайда дәрменсіз болып қалады. Егер сіз мұз астына түсіп кетсеңіз. Сіздің әрекеттеріңіз: • дүрбелеңге түспеңіз, күрт қозғалыс жасамаңыз; • мүмкіндігінше терең және баяу тыныс алыңыз, аяқтарыңызбен велосипед педалін басқан сияқты үздіксіз қимыл жасап, көмекке шақыруды тырысыңыз, жақын жерде адамдар болуы мүмкін; * қолдарыңызды екі жаққа жайып, денені ағынның бағыты бойынша көлденең қалыпқа келтіріп, мұздың шетінен ұстауға тырысыңыз; • мұздың шетіне ақырын жатып, бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұз үстіне лақтыруға тырысыңыз, өткір заттарды (пышақ, шеге) қолданыңыз, егер астыңыздағы мұз жарылмаса, домалап жағаға қарай баяу жорғалап шығыңыз; • келген бағытыңызға қарай жорғалаңыз, өйткені мұнда мұз беріктігіне тексерілген; • жағаға жеткеннен кейін, толық қатып қалмас үшін тоқтамауға тырысыңыз; • жақында орналасқан жылы жерге жүгіріп жетіңіз. Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады. Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті

2021-11-13 13:25:16

Скачать Смотреть

1-4 сыныптар арасында мектеп ережесі және қоғамдық орындардағы жүріс тұрыс ережесі бойынша пікірталас өткізілді....

11 қараша күні оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, балалардың білімге деген құштарлығын ояту, оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптар арасында мектеп ережесі және қоғамдық орындардағы жүріс тұрыс ережесі туралы оқушылармен пікірталас өткізілді.

2021-11-11 15:48:51

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 18 19 20 21 22 61 соңғысы