ЖАЗ-2022

Дәреже: ЖАЗ-2022

«Астана» күніне орай іс-шара

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы- демалыс лагерінде 6-шілде «Астана» күніне орай іс-шара өткізілді. Еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күніне орай балалар «Астана» тақырыбында асфальтқа сурет салды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-07-14 15:21:25

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

№5 ЖББ мектебі жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Денсаулық Марафоны » тақырыбында спорттық ойындар ойнатылды. Балалар топтарға бөлініп әртүрлі ойындар ойнап, сайысқа түсті. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi

2022-07-13 13:24:48

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 6-маусым күні балалар қаламыздың Орталық саябағына саяхат жасады. Саяхат кезінде балалар саябақтың ескертіштерімен танысты. Әртүрлі денсаулыққа пайдалы ойындар ойнады. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие

2022-07-13 13:23:53

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 17-маусым күні Оқушылар сарайындағы «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Ханзада мен ханшайым - 2022» байқауы өткізілді. Байқауға Алимов Адлет және Амелешева Айжан қатысты. Байқау төрт бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңде балалар кешкі сән үлгісін көрсетсе, екінші кезеңде өздерін таныстырды. Үшінші кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, соңғы «Авангард» кезеңінде қатысушылар түрлі материалдардан жасалған киім үлгісін көрсетті. Байқауда 2 бүлдіршін де жоғары деңгейде өздерін көрсетіп, жүлделі III орынмен марапатталды.

2022-07-13 13:22:51

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “N5 жалпы білім беретін мектебі” КММ жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінде 20-маусым күні Оқушылар сарайындағы “Балауса” жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен оқушылар бірнеше қызықты үйірмелерге саяхат жасады. Балалардың үйірмеге деген қызығушылығын арттыру барысында, оларға қосымша ақпарат беріліп, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

2022-07-13 13:21:53

Скачать

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕР

Жазғы демалыс келді, балалардың көшеде өткізетін бос уақыты көп болды. Әлем қауіп-қатерге толы, бірақ бұл құрдастары бостандыққа ие болған кезде балаға күні бойы үйде отыру және үстел ойындары мен компьютер ойнау керек дегенді білдірмейді. Ойындар, өзенге шомылу, достарымен кездесу мұның бәрі балалардың қозғалысымен байланысты. Сондықтан мен ата-анама хабарласқым келеді: балаңыздың жолдардағы қауіпсіздігі туралы алаңдаңыз. Жазғы мектеп демалыстарын балаңыздың жадында ең жарқын және керемет әсер қалдыратындай етіп жасаңыз. Құрметті ата-аналар! Балалармен жолдағы мінез-құлық ережелері туралы сөйлесіңіз!

2022-07-13 12:17:44

Скачать