Размер шрифта:

Дәреже: Дистанционное образование

«Қашықтан оқыту үрдісінде сергіту жаттығуларын ұйымдастыру»

Балқаш қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 17 сәуір күні педагогтармен ой бөлісіп, тәжірибе алмасуда “Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі” КММ-нің дене шынықтыру пән мұғалімі Искакова С.С. «Қашықтан оқыту үрдісінде сергіту жаттығуларын ұйымдастыру» тақырыбында қалалық деңгейде онлайн семинар өткізді. Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, оқыту мотивациясын арттыру. Семинар барысында мұғалім өзі сабақ беретін 5 сынып оқушыларымен ұйымдастырып отырған таңғы және сабақ арасындағы сергіту жаттығуларымен ой бөлісті. Оқушылармен бірлесе жүргізген оқу сабақтарының кері байланысын ұсынды. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 17:25:43

Скачать Смотреть

"Қашықтықтан оқыту үрдісінде математика пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау"

"Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп -лицейі" КММ -нің жаратылыстану - математика кафедрасының математика пәнінің мұғалімдері А.Садвокасова мен Н.Тусупова 2020 жылдың 24 сәуірінде "Қашықтықтан оқыту үрдісінде математика пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау" тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Қашықтан оқыту-білім берудегі жаңа технологиялардың бірі CLASSROОM google. com бағдарламасында Google Форма арқылы БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау жолдарын көрсетті. Семинарда пəн мұғалімдері өз тəжірибелерімен бөлісті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 17:10:59

Скачать

«Қашықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында қалалық онлайн семинар

“Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Кутжанова Анара Мажитовна «Қашықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында қалалық онлайн семинар өткізді. Педагогтарға өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесі мен білім алушылардың тапсырмаларын орындау процессі жайлы ережелері және оқу тапсырмаларының көлемі және олардың орындалу уақыты, жайлы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысындағы өзінің іс тәжірибесі бойынша қолжетімді интернет- платформалар, цифрлық білім беру ресурстары, WhatsApp, басқа мессенджерлер пайдалануды қалай қолдану қажеттігі жайлы ой бөлісті. Әсіресе BilimLand, Darin online, Оpiq.kz, GoogleClassRoom ресурстарының білім алушылар мен педагогтарға тиімді жақтарын көрсетті. Білім алушылар мен әріптестердің денсаулығына қолдау мақсатында «Зерек» жобасының элементтері де қолданыс тапты. Семинар соңында әріптестер көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, олар да өз тәжірибелерімен бөлісті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 16:58:39

Скачать

2020ж.28.03. "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі" КММ-і педагогикалық ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн педагогикалық кеңес өтті.

2020ж.28.03. "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі" КММ-і педагогикалық ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн педагогикалық кеңес өтті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 15:14:04

Скачать

2019-2020 оқу жылының түлектері мен ата-аналарына арналған zoom платформасы арқылы онлайн вебинар өтті.

2019-2020 оқу жылының түлектері мен ата-аналарына арналған zoom платформасы арқылы онлайн вебинар өтті. Мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы ең маңызды деген ақпараттарға тоқталды. ➢ «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы бойынша өзгерістермен таныстырылды.(ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығы) ➢ Маусым айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін онлайн жүйесінде өтініш білдірудің ережесімен (https://ent2020.testcenter.kz/registration) жан-жақты таныстырылып мағлұмат берілді.

2020-04-28 14:26:41

Скачать

«Төртінші тоқсандағы екі апта» атты мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының модераторлығымен тікелей эфирде ашық алаң ұйымдастырылды.

«Төртінші тоқсандағы екі апта» атты мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының модераторлығымен тікелей эфирде ашық алаң ұйымдастырылды.

2020-04-21 21:58:18

Скачать Смотреть

✅ Мектеп-лицей психологынан оқушыларға кеңес #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

✅ Мектеп-лицей психологынан оқушыларға кеңес #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-14 00:09:33

Скачать

#балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

#балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-12 11:42:20

Скачать

10 “А” сынып оқушысы Бейсекей Абир #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

https://www.facebook.com/457619887700946/videos/509341373096490/

2020-04-11 22:13:11

Скачать

Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар! 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап оқушылар үшін төртінші тоқсан басталады.

2020-04-10 16:29:56

Скачать Смотреть

Химия пәнінен функционалдық сауаттылыққа арналған логикалық тапсырмалар

4-ші тоқсан басында пән бойынша логикалық және функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды өмірмен байланыстырып жауабын дұрыс тапқан білім алушыға мектепшілік сертификат беріледі.

2020-03-18 17:41:51

Скачать Смотреть

3-сынып "Оқу сауаттылығы"пәнінен функционалдық сауаттылыққа арналған логикалық тапсырмалар

4-ші тоқсан басында пән бойынша логикалық және функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды өмірмен байланыстырып жауабын дұрыс тапқан білім алушыға мектепшілік сертификат беріледі.

2020-03-18 14:43:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 соңғысы