Дәреже: Дистанционное образование

10-11 қыркүйек күні оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастырып, жұмыстардың жүйелі жүргізілуі үшін педагогтерге әдістемелік қолдау мақсатында онлайн - вебинар жүргізілді.

✅ 10-11 қыркүйек күні оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастырып, жұмыстардың жүйелі жүргізілуі үшін педагогтерге әдістемелік қолдау мақсатында онлайн - вебинар жүргізілді. Қашықтан оқыту процесі кезінде синхронды және асинхронды форматтарда оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспары бойынша оқушыларға сабақты түсіндіруде видеосабақтардың сілтемесін, электронды оқулықтың сілтемесін, файлдарды жүктеу және оқу тапсырмасын талапқа сай жүктеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Техникалық проблемалар туындаған және тікелей эфирге шығу мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстыру туралы ескертілді. Орындалған жұмыстарды мұғалім қабылдау арқылы және оқушыларға белгіленген тәртіппен кері байланысты жүзеге асырады. Мұғалім белгіленген тәртіппен оқушылармен кері байланысты «Білімал» электронды журналында қалыптастырушы бағалау арқылы жүргізілетіні туралы директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Э.К.Айтимбетова түсіндірді.

2020-09-29 19:43:17

Скачать Смотреть

«Цифрлық сауаттылық - уақыт талабы»

23.05.2020 ж күні «Цифрлық сауаттылық - уақыт талабы» тақырыбында № 5 педагогикалық кеңес ZOOM платформасы арқылы өтті. Күн тәртібінде: 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсандағы қашықтан оқыту жағдайындағы қиындықтары мен мүмкіндіктері. 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсан және жылдық статистикалық талдамалы есебі. Жазғы мектеп, жазғы сауықтыру шаралары; 2019-2020 оқу жылында жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізіндегі оқу бағдарламаларын меңгерген 1-10 сынып оқушыларын келесі сыныпқа көшіру; Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт негізіндегі оқу бағдарламаларын меңгеріп оқу жылын “Өте жақсы” және “Жақсы” аяқтаған 1-10 сынып оқушыларын марапаттау; Негізгі және орта білім және жалпы орта білім алған 9, 11-сынып оқушыларына аттестат беру; 25 мамыр онлайн сынып сағаттары соңғы қоңырау 1-10 сыныптар үшін; «Birgemiz: Түлек2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасы негізінде: 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусым өтетіндігі туралы ақпараттар берілді. #ООБ_школадома

2020-05-26 11:11:00

Скачать

2020 жылдың 14 мамыр күні мектеп-лицейімізде "Применение образовательных интерактивных приложений в дистанционном обучении" атты вебинар өтті. ✅ Вебинардың мақсаты: қашықтықта оқытудың ақпараттық қосымшаларды қолдану мен кері байланыс. ✅ Орыс тілі жән

2020 жылдың 14 мамыр күні мектеп-лицейімізде "Применение образовательных интерактивных приложений в дистанционном обучении" атты вебинар өтті. ✅ Вебинардың мақсаты: қашықтықта оқытудың ақпараттық қосымшаларды қолдану мен кері байланыс. ✅ Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Тулкина Д.М «Применение образовательных интерактивных приложений в дистанционном обучении», орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Кульбаева Б.Т. ✅ “Google форманың” мүмкіншіліктерін пайдалан отырып, оқыту мен оқу сапасын қалай жақсартуға болады? тақырыбында-қазақ тілі пәні мұғалімі Тайжанова Қ.Б ✅ «Применение интерактивных приложений», ағылшын тілі пәні мұғалімі Баженова А.О EFU-Халықаралық балаларға арналған қосымша білім беру авторлық жоба онлайн курсы, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі «"Google classrum" интерет–платформасы», жұмыстарын көрсетіп, өз–іс тәжірибиелерімен ой бөлісті. #ООБ_школадомаv

2020-05-20 21:25:21

Скачать

14.05.2020 ж күні «Өрлеу» Б.А.Ұ.О Қарағанды П.Б.А.И ұйымдастыруымен өткен онлайн семинарға ҚББ-нің әдіскері Айнабекова Куляш Каиркеновнаның басшылығымен қала мектептерінің химия пәні мұғалімдері қатысты. ✅ Тақырыбы: «Ақпараттық технологиялар мен сандық ре

14.05.2020 ж күні «Өрлеу» Б.А.Ұ.О Қарағанды П.Б.А.И ұйымдастыруымен өткен онлайн семинарға ҚББ-нің әдіскері Айнабекова Куляш Каиркеновнаның басшылығымен қала мектептерінің химия пәні мұғалімдері қатысты. ✅ Тақырыбы: «Ақпараттық технологиялар мен сандық ресурстарды қашықтықтан оқытуда қолдану тиімділігі» ✅ Семинарда химия пәні мұғалімі Камзина А.А өз іс-тәжірибесімен бөлісті. ✅ 8 сынып бойынша «Бейорганикалық қосылыстар» атты сөзжұмбақ; ✅ 9 сыныпқа- «Көмірсулар» тақырыбында тест тапсырмасын құрастыру жолдары көрсетілді. #ООБ_школадома

2020-05-20 21:23:42

Скачать

15.05.2020 ж күні Педагогикалық ұжымға директор жанындағы жиналыс өтті. ✅ Жиналыс барысында: ✅ 2019-2020 оқу жылының аяқталуы; ✅ Оқушылардың жазғы сауықтыру орталығында демалуы, интеллектуалдық потенциалын арттыру; ✅ Педагогикалық ұжымның кезекті еңбек де

15.05.2020 ж күні Педагогикалық ұжымға директор жанындағы жиналыс өтті. ✅ Жиналыс барысында: ✅ 2019-2020 оқу жылының аяқталуы; ✅ Оқушылардың жазғы сауықтыру орталығында демалуы, интеллектуалдық потенциалын арттыру; ✅ Педагогикалық ұжымның кезекті еңбек демалысы; ✅ Оқулықтарды өткізу тәртібімен таныстыру; ✅ Тоқсандық жиынтық бағалау; ✅ SmartNation SmartMektep функционалын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен таныстыру. #ООБ_школадомаv

2020-05-20 21:23:08

Скачать

2020 жылдың 13 мамыр күні қалалық деңгейде "Жаратылыстану пәндерін оқытудағы іс-тәжірибелер " тақырыбында вебинар өтті. ✅ Семинардың мақсаты:БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құру және өткізу.Қашықтықтан оқыту барысында қолданатын ресурстар мен кері байланыс .

2020 жылдың 13 мамыр күні қалалық деңгейде "Жаратылыстану пәндерін оқытудағы іс-тәжірибелер " тақырыбында вебинар өтті. ✅ Семинардың мақсаты:БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құру және өткізу.Қашықтықтан оқыту барысында қолданатын ресурстар мен кері байланыс . ✅ Физика пәні мұғалімі Макенбаева Гаухар «БЖБ тапсырмаларын Onlinetestpad платформасында құру және тексеру». ✅ Информатика пәні мұғалімі Омаров Сәтжан Кәрібайұлы «Googlе form арқылы тест құрау» жолдарын көрсетсе; ✅ Биология пәні мұғалімі Бакыткызы Перузия білімалушылармен өткізген «БЖБ бойынша бағалау және мониторингі». ✅ Химия пәні мұғалімі Хамзина Әсем «Практикалық жұмыстар тапсырмалары мен оқушылармен кері байланыс» жұмыстарын көрсетіп,өз-іс тәжірибиелерімен ой бөлісті. #ООБ_школадома

2020-05-16 02:53:56

Скачать

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерл

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Осы орайда мектеп-лицейімізде 0-11 сыныптарға тәрбиелік сынып сағаттары онлайн форматта өтті. Сынып сағаттары 1 минуттық “еске алу” үнсіздігімен басталып, оқушылардың батыр аталары туралы ерлік естеліктерімен жалғасты. #ООБ_бессмертныйполк

2020-05-11 01:49:43

Скачать

✅ EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба.

✅ EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба. ✅ EFU - English Friendly University. Халықаралық балаларға арналған қосымша білім беру университеті. Бүкіл әлемдік пандемия кезінде оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында ұсынылды. Бұл курс ағылшын тілінің базалық деңгейін және балалар мен жасөспірімдерге арналған жазушылар жобасын қамтиды. ✅Халықаралық онлайн чат жұмысы 24 наурыздан 26 сәуірге дейін тегін оқытылды . ✅Марапаттау, сертификат және EFU сағаты үздік оқыған қатысушыларға 3 мамыр күні тапсырылды. Электронды форматта. Бұл курсқа Нұр-Сұлтан қ, Алматы қ, Алматы облысы, Қарағанды облысы бойынша Балқаш қ, Сатпаев қ, Жезқазған қалаларынан әр түрлі жастағы оқушылар мен студенттер қатысты. ✅ Курс мақсаты: бастапқы ағылшын тілін дамыту, меңгеру. Нәтижесінде үздік қатысушылар EFU сертификаттарымен марапатталды. ✅Біздің мектеп-лицейімізден қатысқан оқушылар: Оразбай Ақерке – 6 «А» сынып Ермек Жанар – 6 «А» сынып Ілияс Гаухар – 6 «А» сынып Сартаев Жан – 7 «В» сынып Айтқұл Айша – 5 «Ә» сынып ✅Келесі «Жазушы» жобасына 1 айлық грант ұтып алған оқушылар: Ермек Жанар Оразбай Ақерке Ілияс Гаухар Оқушалар шексіз алғыстарын білдіріп, оң пікірлерімен бөлісуде. Жоба авторы: Паулина Кравцқа, бастамаға қолдау көрсеткен ата-аналар қауымдыстығы мен мектеп-лицей басшысы Қарлығаш Шәкарімқызына көп рахмет. Мақала авторы: Баженова Асель Оразбековна ағылшын тілі мұғалімі. Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы. #ООБ_школадома

2020-05-06 00:27:50

Скачать Смотреть

”Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан Халқының бірлігінде”. #ООБ_1Мамыр

”Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан Халқының бірлігінде”. Бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш Президентіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осыған орай, мектеп-лицейіміздің 1-11 сынып оқушыларына “Бірлік пен Келісім” тақырыбында онлайн тәрбие сағаттары болды. “Қашықтан оқу және оқыту технологиясы” бойынша жүргізілген тәрбие сағаттары түрлі платформаларда өткізілді. 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! #ООБ_1Мамыр

2020-05-02 00:15:15

Скачать Смотреть

24.04.2020ж. күні жаратылыстану-математика кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модераторы: Садвокасова А.Т. кафедра жетекшісі: Бақытқызы П. ➢ Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануда оқушылардың БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын орындауда акад

24.04.2020ж. күні жаратылыстану-математика кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модераторы: Садвокасова А.Т. кафедра жетекшісі: Бақытқызы П. ➢ Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануда оқушылардың БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын орындауда академиялық адалдық.(тәжірибе алаңы) ➢ Төртінші тоқсанның жиынтық жұмыстарын ұйымдастыру; 29.04.2020ж. күні қоғамдық-гуманитарлық кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модератор: Ерменбетова Г.О. кафедра жетекшісі: К.Б.Тайжанова ➢ Қашықтан оқыту үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану; ➢ Төртінші тоқсанда жиынтық жұмыстарды жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар беру; 29.04.2020ж. күні бастауыш білім беру кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модератор: Жакыпбекова М.Б. кафедра жетекшісі: Г.Сатыбалдина ➢ Қашықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс жолдары.(тәжірибе алмасу) ➢ БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыру; 30.04.2020ж. күні шет тілдер кафедрасында онлайн жиналыс өтті. Жиналыста 4-тоқсанның БЖБ және ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу кестесімен таныстырылды. #ООБ_школадома

2020-05-01 11:58:26

Скачать

28 сәуір 2020 жылы мектеп-лицей әкімшілігіне ZOOM платформасы арқылы мектеп-лицей директорының басшылығымен жиналыс өтті.

28 сәуір 2020 жылы мектеп-лицей әкімшілігіне ZOOM платформасы арқылы мектеп-лицей директорының басшылығымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында: - қашықтан оқыту жағдайында тәрбие мен оқу үдерісіндегі сәуір айының медиа жоспарына сараптама жасалды; - 9,11-сыныптар үшін еңбекке орналасуы; - 11-сынып түлектерінің маусым айында өтетін ҰБТ-ға дайындығы; - «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың құжаттарын зерделеу; - Мамыр айында атқарылатын медиа жоспарлары сараланды; - «Жаз-2020» іс-шараларын назарда ұстау; т.б

2020-04-29 14:22:30

Скачать Смотреть

«Оқу мәдениетін қалыптастырудағы отбасы өміріндегі кітаптың алатын орны»

18.04.2020 күні Қалалық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының № 15 мектеп –лицейі» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Башарова Гульнар Тайкеновна «Оқу мәдениетін қалыптастырудағы отбасы өміріндегі кітаптың алатын орны» тақырыбында пікір-сұхбат өткізді. Спикер «Оқитын отбасы-табысты отбасы» жайлы төтенше жағдайларға байланысты отбасыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы қала кітапханашыларымен ой бөлісті.

2020-04-28 23:54:57

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 соңғысы