Дәреже: Дистанционное образование

«Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде”

2021 жылдың 24 мамыр 4 маусым күндері аралығында «ӨРЛЕУ» ҰБАО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ұйымдастыруымен «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде” тақырыбында орта білім беру ұйымдарының директорларының біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы қатысып, басқаруды ұйымдастыру, сапа менеджменті, білім беру үдерісін ақпараттандыру, жалпы басқарудың негіздері бойынша маңызды ақпараттар алды. «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» кафедрасының аға оқытушысы Байконыс Әнуар Жарылқасынұлының әрбір сабағы әсерлі өтіп, қашықтан оқыту жағдайындағы сабақты ұйымдастыру құрылымы мен түрлері, цифрлық мектеп – педагогтің ақпараттық мәдениетін дамыту және цифрлық білім беру ортасы, цифрлық мектеп моделін жобалау негізіндегі басқару технологияларына тереңінен тоқталды.

2021-06-05 11:08:43

Скачать Смотреть

«Болашаққа интелектуалды серпіліс»

2021 жылдың 19 мамыры күні 4 сынып оқушыларының «Болашаққа интелектуалды серпіліс» атты дәстүрлі онлайн- форумы өтті. Форумға 4-сынып оқушыларының ата-аналары мен ата-әжелері, мектеп-лицей әкімшілігі қатысты. Басты кейіпкерлер 4 жыл бойы білім мен тәрбиені бойларына сіңіріп, өздігінен білім алуға дағдыланған табысты оқушылар өз жетістіктерінің нәтижелерін «Жетістістіктер галереясы», «Шуақты 4 жыл …» бейнежазбалары арқылы көрсетті. Форумның ІІ бөлімінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау, мектеп-оқушы-ата-ана үштік моделінің ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Әже тағылымы» сахналық қойылымының бейнежазбасы ұсынылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Z ұрпақтары» үгіт насихат тобының бейнежазбасы ІІІ бөлімде орын алды. Табысты оқуға ұмтылған, функционалды сауаттылығы негізделген, орта буынға қадам басқалы отырған шәкірттерімізге ақ жол!

2021-05-20 13:37:13

Скачать Смотреть

"Қауіпсіз жаз -2021"

✅Облыстық "Отбасы сағаты" жобасының тұжырымдамасы аясында 14.05.2021 күні 1-11 сынып ата-аналарымен "Қауіпсіз жаз -2021" атты тақырыбында онлайн кездесу өтті. ✅Кездесу барысында Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары : электр тоғы қауіпсіздігі, ғаламтор қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және суға түсу қауіпсіздігтері бойынша Балқаш қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Татьков Иван Евгеньевич, ЖПҚБ участкелік полиция инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы ата-аналарға бала қауіесіздігін сақтау шаралары туралы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне тоқталып , мәліметтер беріп өтті.

2021-05-18 14:56:08

Скачать Смотреть

«Ғылым, техника, табиғат "

Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық «Ғылым, техника, табиғат " апталығының аясында бастауыш сынып оқушылары арасында ойын элементтері бар саяхат ойыны «Салауатты өмір салты " тақырыбындағы «Snowball» (Қарлы кесек) сынып сағаттары онлайн және оффлайн форматында өтті. 5-7 сыныптар аралығында "Ғалымдар туралы этюдтер» 8-11 сынып оқушылары аралығында "Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жаңа ойлау стилі бар, мәселелерді шешуге стандартты емес көзқараспен қарайтын сенімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылардың жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін толықтыру, білімдерін одан әрі жетілдіру.

2021-04-14 13:15:23

Скачать

«Ғылым, техника, табиғат "

Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық «Ғылым, техника, табиғат " апталығының аясында бастауыш сынып оқушылары арасында ойын элементтері бар саяхат ойыны «Салауатты өмір салты " тақырыбындағы «Snowball» (Қарлы кесек) сынып сағаттары онлайн және оффлайн форматында өтті. 5-7 сыныптар аралығында "Ғалымдар туралы этюдтер» 8-11 сынып оқушылары аралығында "Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жаңа ойлау стилі бар, мәселелерді шешуге стандартты емес көзқараспен қарайтын сенімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылардың жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін толықтыру, білімдерін одан әрі жетілдіру.

2021-04-14 13:15:23

Скачать

«Қарапайым Ғажайыптар»

13.04.2021 күні «Қарапайым Ғажайыптар» Тізбек бөлігі үшін Ом заңы бойынша Ohs’Law тақырыбында зерттеулер өтті Қатысқан сыныптар : 8 А,Ә,Б,В Мақсаты: Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын қалыптастыру үшін үш тілдік форматта өтті. Kahoot тестілеу жүйесін пайдаланып тақырып бойынша қорытындыланды. Нәтижесінде: Жумагазиева Аружан 8 Ә , Ұзакбай Ажар 8 Б , Амен Алибек 8Ә ,Токен Сабина 8 В сынып оқушылары жақсы көрсеткіштер көрсетті.

2021-04-14 13:13:44

Скачать

" Жас эрудит "

13.04.21 8а,ә,в сыныптарында Зум платформасы арқылы " Жас эрудит " атты 8- сыныптар арасында химия пәнінен танымдық сайыс өтті. Сайыста Менделеевтің периодтық заңы – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдалуын оқушылар дәлелдеді Нәтижесінде үздік жауап берген оқушылар Сартаев Жан Ұланова Балжан Мағауина Альмира Сейлхан Бекарыс Төлеухан Әлішер

2021-04-14 13:12:46

Скачать

2020-2021 оқу жылында оқушыларды компьютермен қамту тізімі

2020-2021 оқу жылында оқушыларды компьютермен қамту тізімі

2021-03-11 12:08:52

Скачать Смотреть

«Үш тілді білу – елге үлгі болу»

«Үш тілді білу – елге үлгі болу» тақырыбында орыс тілі мен шетел тілі оқу сауаттылық апталығы аясында 4️⃣ наурыз күні ағылшын тілі пәнінің ұстаздары Тен М.Г. және Кабдиманова А.К. ұйымдастыруымен 10 сыныптар мен серіктес колледждер арасында қалалық «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті.

2021-03-09 11:29:55

Скачать Смотреть

«SUCCESS ON THE TIP OF THE PEN – SUCCESS ON THE TIP OF THE TOUNGUE”

03.03.2021 ж. "Оқу сауаттылығы апталығы" аясында «SUCCESS ON THE TIP OF THE PEN – SUCCESS ON THE TIP OF THE TOUNGUE” халықаралық авторлық жоба аясында 5-7 сынып оқушылары және ата-аналарын кездесу өтті. Мақсаты: ағылшын тілінің базалық деңгейін жетілдіріп, балалар мен жасөспірімдердің жазушылық дағдысын дамыту; Аталған жоба мектеп-лицейімізде 2020 жылдың наурыз айынан бастау алған. 2021 оқу жылын мамыр-желтоқсан аралығында өткізу жоспарланып отыр. Курс нәтижесінде студенттер халықаралық жас жазушылар форумына қатысуға мүмкіндік алады және арнайы дипломдармен марапатталады.

2021-03-07 00:04:25

Скачать Смотреть

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

2021 жылдың 3-ші наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты ҚР БжҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Алашорда» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш-Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,жан-жақты энциклопедист ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейхан – Қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» атты халықаралық онлайн конференция өтті. Оның жұмысына отандық және шетелдік танымал алаштанушы ғалымдар қатысты. Халықаралық онлайн конференцияға «Әлихан мектептері» қоғамдастығының озық іс-тәжірибелері ұсынылды.

2021-03-05 11:23:07

Скачать Смотреть

19.02.2021 күні мектеп-лицей 0Б даярлық сыныбының ата-аналарына арналған білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық семинар өткізілді.

19.02.2021 күні мектеп-лицей 0Б даярлық сыныбының ата-аналарына арналған білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық семинар өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызмет түрлері, мемлекеттік қызмет көрсететін ақпараттық жүйелер- Malahit, Mindal, Білімал, Indigo және Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бойынша ақпараттар берілді. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады». Қызметті онлайн алу 1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). 3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен таныстырылды.

2021-02-22 08:27:45

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 6 соңғысы