Дәреже: Все

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілдің міндетін жүктеу туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілдің міндетін жүктеу туралы

2021-03-16 11:49:30

Скачать

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы

2021-03-16 11:44:54

Скачать

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы

14 қараша 2020 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында құқық мұғалімі Әбдіғаппар Ү.С мектеп ұстаздары арасында құқықтық білім бойынша мағұлмат берді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

2021-03-10 17:03:25

Скачать

«Педагогикалық әдеп қағидалары» тақырыбы

29- тамыз 2020 жылы мектебімізде педагогикалық кеңес болып өтті. Онда «Педагогикалық әдеп қағидалары» тақырыбы қозғалды. Мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна педагогикалық әдеп,сыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелері туралы айтып мағұлмат берді. Педагогтің негізгі қағидаттары туралы бастауыш сынып мұғалімі Ерубай Қарлығаш Сериковна тоқталып өтті. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары туралы бастауыш сынып мұғалімі Жарилгасинова Гулим Курмановна таныстырды. Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшелеріне,дауыс беру арқылы құрылды. Кеңес мүшелері 8 адамнан құрылды.

2021-03-10 16:53:46

Скачать

11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналаған ЖАДЫНАМА

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ең бастысы баланың білім алуына қажетті жағдай жасау. Сынақ тапсырудағы жетістіктер көп жағдайда ата – аналардың қарым-қатынасы мен жауапкершілігіне байланысты болады. Баланың сынаққа жақсы дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңестерді орындап көріңіз: – Баланың сынақта алатын ұпай санына бола мазасызданбаңыз. Оған ұпай саны ең маңызды нәрсе емес деген ойды қалыптастырыңыз; – Сынақ қарсаңында баланың мазасын көп алмаңыз, себебі-бұл тест қорытыныдысына кері әсерін тигізеді. Бала жас ерекшеліктеріне байланысты көңіл-күйін тежей алмай, сынып кетуі мүмкін; – Үйдегі басқа адамдар кедергі келтірмеу үшін, дайындық жасауға ыңғайлы орын әзірлеңіз; – Тақырыптарды әр күнге бөліп дайындауға көмектесіңіз; – Балаңызды сынаққа дайындалудың әдісімен таныстырыңыз; – Тест жұмысы басқа үйреншікті ауызша және жазбаша сынақтардан басқаша болғандықтан, пәндер бойынша тест тапсырмаларын әр түрлі нұсқада дайындап, баланы бірнеше рет әзірлеңіз; – Тест тапсырмаларына дайындалған кезде, балаңызға уақытты дұрыс және үнемді пайдалануға үйретіңіз; – Балаңыздың өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, көңіл-күйін көтеріңіз; – Сынаққа дайындалу уақытын қадағалап, артық күш түсірмеңіз; – Баланың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз. Өрік, мейіз, балық, ірімішік тағамдары баланың ми қызметін жақсартады; – Сынақ алдында балаңыздың толық демалып, тыныш ұйықтауына жағдай жасаңыз; – Сынақтан кейін балаңызды сынамаңыз; – Сынақ болатын күні таңертеңгі ас, калориясы мол тағамдардан болғаны дұрыс. Тестке 1-күн қалғанда 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз. 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз. 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз. 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз. 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді. 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз. 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз. Тест күні 1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз. 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз. 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз. Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз? Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

2021-02-22 10:27:29

Скачать Смотреть

«Қазіргі заманғы жасөспірімдердің проблемалары және оларды шешу жолдары» ата-аналарға арналған психолог кеңесі

Ақпан айында «Қазіргі заманғы жасөспірімдердің проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында ата-аналарға психологиялық онлайн- кеңес берілді.

2021-02-22 10:24:58

Скачать Смотреть

Мен оқимын, сен де оқы" жобасы бойынша

20.02.21ж Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі #Reading time#I readtoo,youreadtoo! "Мен оқимын, сен де оқы" жобасы бойынша оқушылар мен ұстаздар арасында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы кітап оқуды өткізді. Жобада «Тышқан мен жылан» ертегісін және «Жиренше мен Алдар» аңызын оқып талқылады.Оқушылар кітап оқуға белсенділік таныта отырып,қызыға талдау жұмыстарын жүргізді. Кітап оқуға мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты Жалпы кітап оқуға 56 оқырман қатысты.

2021-02-20 17:51:36

Скачать

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құру

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құру

2021-02-19 15:24:29

Скачать

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

2021-02-19 15:21:06

Скачать

1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында

Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі 15-20 ақпан аралығында өтіп жатқан «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығында мектебіміз жоспар бойынша оқушылардың дене шынықтыру сауаттылығына түрлі жұмыстар жүргізуде. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында өткізілді. Оқушылар арасында «тоғызқұмалақ», «дартс» спорттық ойындар ойнатылып, «Спорттық ойын түрлері» тақырыбында суреттер байқауы өткізілуде.

2021-02-19 14:45:55

Скачать Смотреть

«Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу»қыздар сағаты

Ақпан айында «Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында 9,10,11 сынып қыздарына психологиялық әңгіме-кеңес берілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Қыздарға ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік туралы әлеуметтік видео, қыздарға психологиялық кеңестер берілді.

2021-02-19 13:45:29

Скачать Смотреть

«Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабақ ақпарат

12.02.2021 ж мектеп кітапханасында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабағы өтті.Сабаққа 3 сынып оқушылары қатысты. «Ер есімі-ел есінде» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру.

2021-02-12 15:18:27

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 42 43 44 45 46 61 соңғысы