Дәреже: Все

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген дәріс

2025 жылдың 7 қараша күні ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полция аға лейтенанты Б.А.Куанышбеков, мектеп инспекторы Г.А.Тохтиева «Нашақорлыққа жол жоқ», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысы» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде, түнгі сағат 23.00-ден кейін далада ата-анасының қарауынсыз жүруге тыйым салынатынын айтты.

2025-11-07 16:49:54

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг

Балқаш қаласының білім бөліміне қарасты №9 жалпы білім беретін мектепте нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг элементті өтті. Мектебізіде 3.11.2025жылы 9 «А,Ә»,10сынып оқушыларымен Қарағанды облысының білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында нашақорлықтың алдын алу және жоғары сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің есірткі қолданудың салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдау дағдысын қалыптастыру.Семинар интерактивті форматта өтті. Бағдарламаға теориялық бөлім, топтық пікірталастар, рөлдік ойындар және тәжірибелік кейстер енгізілді. Қатысушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, қызығушылықтары мен саналы көзқарастарын көрсетті.

2025-11-05 16:52:02

Скачать Смотреть

"Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы

05.11.2025 күні "Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар есірткіге қарсы көзқарастарын шығармашылықпен жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұл оқушылардың рухани дамуына, шығармашылық қабілетін арттыруға және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

2025-11-05 14:20:54

Скачать Смотреть

«Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс»

Қараша айы Әділдік және жауапкершілік айы 03.11.25 күні «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» құндылығына сәйкес сынып сағаты 8-11 қауіпсіздік сабақтары өтті. Оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу,Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында ұйымластырылды.

2025-11-04 17:23:53

Скачать Смотреть

Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында қосымша дайындық сабақтары өткізілді

Күзгі демалыс кезеңінде, 28 қазан мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру және алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында қосымша дайындық сабақтары өткізілді. Дайындық жұмыстары математика, география, биология таңдау пәндері бойынша жүргізілді. Әр пән мұғалімі бекітілген кестеге сәйкес сабақтар өткізіп, оқушылармен тест тапсырмаларын орындау, қиын сұрақтарды талдау және нәтижелерді сараптау жұмыстарын атқарды.

2025-10-28 13:34:01

Скачать

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №4

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №4

2025-10-28 12:24:44

Скачать Смотреть

Пайдалы зиянды ойындар. Қандай ойын жақсы

Бақылау мақсаты: 1 сынып оқушыларының қабылдауын, зейінін бақылау Бақылау түрі: Ойын-сабақ

2025-10-13 16:42:36

Скачать Смотреть

ҰБТ-ға байланысты ақпарат

08.10. күні Ұлттық бріңғай тестілеу орталығының маманы Айзада Екпінқызы келіп 11сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Оқушыларға ҰБТ-ға байланысты ақпаратты жеткізді. Дәлірек айтсақ: 1. ҰБТ жалпы 2. Аудиторияға кіргізу тәртібі 3. ҰБТ ұзақтығы 4. ҰБТ-ны өткізу барысында тыйым салынған заттар 5. Аппеляция 6. Сынақ тестімен таныстыру Сонында оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

2025-10-08 16:00:09

Скачать

Ақпарат

2025-2026 оқу жылында жалпы 28 түлек бітіргелі отыр. 11 сыныптың ҰБТ-ке дайындалу мақсатындағы жоспар бойынша, 01.10 күні оқушылар Ұлттық тестілеу орталығына барды. Ең бірінші кезекте ҰБТ ережелерімен, нұсқауларымен және бұйрықтарымен оқушыларды таныстыру жүргізіліп сынақ тест тапсырды.

2025-10-08 15:58:36

Скачать

Қамқоршылық Кеңес отырысының №7 хаттамасы

Қамқоршылық Кеңес отырысының №7 хаттамасы

2025-10-08 15:43:14

Скачать Смотреть

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеу бойынша іс-шаралар жоспары (4,9-сыныптар) 2025-2026 оқу жылы

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеу бойынша іс-шаралар жоспары (4,9-сыныптар) 2025-2026 оқу жылы

2025-10-08 11:52:00

Скачать Смотреть

PISA Халықаралық зерттеулерге дайындық жоспары

PISA Халықаралық зерттеулерге дайындық жоспары

2025-10-08 11:51:09

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 68 соңғысы