Размер шрифта:

Дәреже: Все

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

2021-02-19 15:21:06

Скачать

1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында

Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі 15-20 ақпан аралығында өтіп жатқан «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығында мектебіміз жоспар бойынша оқушылардың дене шынықтыру сауаттылығына түрлі жұмыстар жүргізуде. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында өткізілді. Оқушылар арасында «тоғызқұмалақ», «дартс» спорттық ойындар ойнатылып, «Спорттық ойын түрлері» тақырыбында суреттер байқауы өткізілуде.

2021-02-19 14:45:55

Скачать Смотреть

«Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу»қыздар сағаты

Ақпан айында «Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында 9,10,11 сынып қыздарына психологиялық әңгіме-кеңес берілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Қыздарға ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік туралы әлеуметтік видео, қыздарға психологиялық кеңестер берілді.

2021-02-19 13:45:29

Скачать Смотреть

«Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабақ ақпарат

12.02.2021 ж мектеп кітапханасында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабағы өтті.Сабаққа 3 сынып оқушылары қатысты. «Ер есімі-ел есінде» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру.

2021-02-12 15:18:27

Скачать Смотреть

«Кітап-білім бұлағы» атты интеллектуалды ойын ақпараты

Бүгін, 2021 жылдың 13 қаңтарында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен «Кітап-білім бұлағы» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 5 «ә,б» сынып оқушылары қатысты.Интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрды.Екі топқа бөлініп,топ басшылары сайланды.Анаграмма,жұмбақтар шешті,мақал-мәтелдер айтты,кітап жарнамасын жасады.Балалар қызығушылықпен атсалысып,тапқырлық танытты.Ойын соңында белсене қатысып,озық ойын көрсеткен топтарға І,ІІ орындар беріліп,алғыс хаттар табысталды.

2021-01-14 10:36:37

Скачать Смотреть

Тоқсандық жиынтық бағалау

Орта білім беру ұйымдарында жиынтық бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрығының 12-31 тармақтарына сәйкес жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамызда № 345 бұйрығына 2-қосымша) 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалауды (бұдан әрі – ТЖБ) жүргізу 2020 жылдың 28 қазанынан бастап өткізу ұсынылады. ТЖБ тапсырмаларын дайындау кезінде пәндер бойынша спецификацияға сүйену керек, себебі балл көрсетіліп берілген. Мұғалім ТЖБ тапсырмаларын өткен материал негізінде өз бетінше құрастырады. Қашықтан оқыту кезінде тілдік пәндер бойынша ТЖБ жүргізу "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі 135-бұйрығының 29 пункті бойынша жүзеге асырылады. Аталған бұйрықтың 2-қосымшасының 29-тармағы бойынша «тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды. Яғни, жазылым мен оқылым дағдыларын бағалау бойынша баллдарды бөлуді мұғалім өзі реттейді. ТЖБ тапсырмаларын 15 баллға әзірлеу ұсынылады». ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары баллды өзі белгілейді, ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді. Сондықтан, егер, сынып келіп оқитын (кезекші сыныптарда) балалар тобына және қашықтықтан білім алушыларға бөлінсе, бұл жағдайда бір сыныпқа толық, бірыңғай максималды балл негізіндегі тапсырмалар дайындау ұсынылады. Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде № 125 бұйрықтың 18-тармағын негізге алу ұсынылады. Бұл жағдайда тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. Тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеру жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі. Педагог үшін келесі ақпаратты білу маңызды: 1. Педагог білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады және өзі әзірлей алады. 2. Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды (17-тармақ №125 бұйрық). 3. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады (22-тармақ №125 бұйрық). 4. Жиынтық бағалауды өткізуге кез келген жұмыс түрін құрал ретінде алуға болады (диктант, бақылау, жоба, эссе, тест және т.б)

2020-10-30 19:48:49

Скачать Смотреть

"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2020-10-13 11:34:33

Скачать Смотреть

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты

2020-10-12 10:45:03

Скачать Смотреть

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2020-10-12 10:42:23

Скачать Смотреть

"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

2020-10-12 10:41:23

Скачать Смотреть

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ CALL ОРТАЛЫҚ НӨМІРІ -1424

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ CALL ОРТАЛЫҚ НӨМІРІ -1424

2020-10-08 19:44:11

Скачать Смотреть

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2020-10-08 18:04:25

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 42 43 44 45 46 60 соңғысы