Размер шрифта:

Дәреже: Все

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ бойынша республикалық бюджеттен алған компьютерлік құрылғылар туралы ақпарат

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар кезеңінде "№ 9 жалпы білім беретін мектебі" КММ республикалық бюджеттен мынадай жабдықтар алды: компьютерлер - 9 дана, планшеттер - 10 дана, ноутбуктер - 75 дана. Республикалық бюджеттен алынға компьютерлік құрылғылардың барлығы оқушыларға таратылды. Республикалық бюджеттен алған компьютерлік құрылғыларды уақытша қолдануға алған оқушылар тізімі:

2021-03-18 16:06:06

Скачать Смотреть

«Бала тәрбиесіне байланысты жиі кездесетін кемшіліктер» ата-аналарға арналған психолог кеңесі

Наурыз айында ««Бала тәрбиесіне байланысты жиі кездесетін кемшіліктер»тақырыбында ата-аналарға психологиялық онлайн- кеңес берілді.

2021-03-17 11:19:43

Скачать Смотреть

«Әлеуметтік желінің , онлайн ойындардың зияны» ой толғау туралы ақпарат

Наурыз айында 6 сынып оқушылары «Әлеуметтік желінің , онлайн ойындардың зияны» тақырыбында ой толғау жазды. Мақсаты: ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру, - ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу, - ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, - баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау;

2021-03-17 11:14:40

Скачать Смотреть

«Әлеуметтік желіде өзін ұстау әдебі» оқушыларға арналған психолог кеңесі

Қазан айында 5-6 сынып оқушыларының Whatsapp , Instagram чатына «Әлеуметтік желіде өзін ұстау әдебі» тақырыбында видео-кеңес жіберілді. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру

2021-03-17 11:12:22

Скачать Смотреть

«Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу»тақырыбында ата-аналарға арналған психолог кеңесі

Наурыз айында 7-11 сынып ата-аналарға «Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында видео-кеңестер, үсыныстар жіберілді. Мектеп психологы ата-ана мен жасөспірімнің арасындағы қарым-қатынасы жайлы, суицидтік мінез-құлықты алдын-алу шаралары жайында айтты.

2021-03-17 11:10:21

Скачать Смотреть

«Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу»қыздар сағаты

Ақпан айында «Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында 9,10,11 сынып қыздарына психологиялық әңгіме-кеңес берілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Қыздарға ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктілік туралы әлеуметтік видео, қыздарға психологиялық кеңестер берілді.

2021-03-17 11:07:03

Скачать Смотреть

«Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі »

Жалпы білім беретін № 9 мектеп кітапханасында оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Кітапханашы Г.Кәрім оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіне қойылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармен таныстырды.Сонымен қатар мемлекетімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты,достық пен махаббатты білдіретіндігі, осы күні адамдардың әсем киініп,туған-туыстарына,жақын адамдарға қонаққа баратындығы және жақсы тілектер білдіретіндіктері туралы айтылды. Оқушылар Наурыз туралы өз ойларын жарыса айтты,іс-шараға қызығушылықпен қатысты.

2021-03-17 09:53:48

Скачать Смотреть

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» 1-11 сыныптарда өтті. Қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды. «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өск елең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

2021-03-17 09:36:51

Скачать Смотреть

«Адал Ұрпақ» еріктілер

«Адал Ұрпақ» еріктілер мектебінің ұйымымен мектебімізде «Жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 4-5 сыныптар арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа үйрете отырып, оқушылардың көзқарасын байқау. Адал, ашық, әділ бәсеке мен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайту. Байқауда оқушылар белсенділік танытып, салынған суреттер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

2021-03-16 12:36:24

Скачать

«Адал ұрпақ – ел болашағы»

Адалдық – адам мінезіндегі басты қасиет. Осы орайда мектебімізде адалдық дүкені жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында стенд жасалды. Мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.

2021-03-16 12:32:57

Скачать

«Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алу» тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты

23 октября 2020 года членами добровольного школьного клуба «Адал Ұрпақ» по формированию антикоррупционной культуры нашей школы был проведен круглый стол на тему «Профилактика правонарушений и коррупции, вымогательства» через дистанционную платформу ZOOM. Цель: разъяснить понятие "коррупция"и сформировать представление об условиях возникновения. Высказывать свои взгляды и расширять мировоззрение. Воспитание справедливости, правдивости, братства. В ходе заседания социальный педагог нашей школы А. Тайкен рассказала о том, к чему приводят правонарушения и коррупция, вымогательство, почему следует избегать таких привычек, что каждый гражданин является патриотом своей страны. Кроме того, члены добровольного школьного клуба» Адал Ұрпақ " поделились своими мыслями. В заключение старший вожатый Р. Кашымбекова отметила, что работа добровольного школьного клуба «Адал Ұрпақ» по формированию антикоррупционной культуры нашей школы будет продолжена, а также озвучила цели и планы клуба.

2021-03-16 12:27:54

Скачать

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 9 орта мектебі» КММ бойынша «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында «Адалдық сағаты» туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында 01.09.2020 ж. күні 1-11 сыныптар аралығында «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар бейнеролик көргеннен кейін өз пікірлерімен бөлісіп, адалдық, әділдік, парасаттылық туралы ойларын ортаға салды.

2021-03-16 12:25:38

Скачать

бiрiншiсi 1 40 41 42 43 44 60 соңғысы