Размер шрифта:

Дәреже: Все

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

2022 жылдың қыркүйек айының 08 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.

2022-09-09 15:37:28

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 08.09.2022 жылы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 08.09.2022 жылы

2022-09-09 15:27:49

Скачать Смотреть

5-сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 7.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 5- сынып оқушыларына, оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» атты тренинг өткізілді.Тренинг барысында өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамыту үшін «Өзіңді мақта!» жаттығуы жасалды. Көңіл-күйлерін көтеріп, бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беру мақсатында «Орнымызды ауыстырамыз» атты жаттығу орындап, өз ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-08 15:06:12

Скачать Смотреть

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерей тойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрмесі

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 05.09.22ж қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерей тойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

2022-09-08 10:27:56

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үлгілік жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үлгілік жоспары

2022-09-07 12:32:25

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жоспары

2022-09-07 09:14:19

Скачать Смотреть

Сыбайла жемқорлыққа қарсы стандарты

Сыбайла жемқорлыққа қарсы стандарты

2022-09-07 09:12:28

Скачать Смотреть

Екі апталық ас мәзірі

Екі апталық ас мәзірі

2022-09-06 11:14:48

Скачать Смотреть

«Адалдық сағаты» тақырыбындағы сынып сағат ақпараты

Мектебімізде 2.09.22 күні 8-11 сыныптарда «Адалдық сағаттарын» өткізді. Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақастында "AMANAT" партиясының Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Алтынбековпен түсірілген бейнеролиг көрсетілді.

2022-09-02 12:41:11

Скачать Смотреть

Ақпарат

№9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Әлемнің Абайы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды данышпан ақын Абайдың өнер- білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін насихаттау. Білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

2022-08-26 13:35:00

Скачать Смотреть

2022-2023 оқу жылыңа 1 сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат:

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде,Балқаш қаласының №9 ЖББ мектебіне 2022-2023 оқу жылыңда 1-ші сыныптар бойынша -3 сынып ашылды (жалпы-75 орың). 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 01 сәуірінен басталып- 1 тамызыңда аяқталады. 1 сыныпқа барлық өтініштер Цифрлік қызметтер платформасы арқылы қабылданды. Бүгінгі күнде 69 оқушы қабылданды.

2022-07-27 14:12:22

Скачать Смотреть

11 сыныптың таңдау пәнінен (жазба) соңғы мемлекеттік емтиханы

10.06.2022ж №9 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып бітірушілері таңдау пәнінен (жазба) соңғы мемлекеттік емтихан тапсырды.

2022-06-10 20:20:53

Скачать

бiрiншiсi 1 24 25 26 27 28 61 соңғысы