Category: Все

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2023-04-27 15:54:52

To download To watch

11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты өткізілген тренинг ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 19.04.2023 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты тренинг өткізді. ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі жаттығулар орындалды. Психологиялық қысымнан арылту үшін релаксациялық жаттығу орындады. Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдарын білу мақсатында жаттығу орындап,әсерлерімен бөлісті. @umckrg @goroo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2023-04-26 14:57:40

To download To watch

1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні орай «1 мамыр –халықтар достығы» атты көрменің ақпараты

24.04.2023ж кітапханада 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «1 мамыр –халықтар достығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-04-24 16:32:30

To download To watch

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9сынып оқушылары арасында сурет көрмесі

21- сәуір 2023 жылы “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған тақырыпта оқушылар сурет салып, салынған суреттерін қорғап шықты.

2023-04-21 09:46:00

To download To watch

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өткізілді.

Мектебімізде, 19.04.2023 күні Адал ұрпақ клубы жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушылар арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өткізілді. Оқушыларды электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен таныстыру,мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұғым қалыптастыру, электронды мемлекеттік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

2023-04-19 12:40:53

To download To watch

«Нейро жаттығу» ақпараты.

17.04.23 күні мектеп психологі 2-3 сынып оқушыларымен «Нейро жаттығу» жүргізілді. Нейро жаттығу - бұл арнайы жаттығулар арқылы мидың табиғи механизмін жандандыру.Мақсаты: Оқушылардың зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды,сөйлеу тілін дамытуды,интеллектуалды және шығармашылық дамуды жетілдіру,стрессті сейілтуде,эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда қолданылады. Нейрожаттығулардың пайдасы: 1. Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. 2. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. 3. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. 4. Зейінді шоғырландырады. 5. Есте сақтау қабілетін арттырады. 6. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. 7.Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог

2023-04-18 15:25:35

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Ерліктің ерен тұлғасы" атты ақпараттық сағаттың ақпараты

18.04.2023ж мектебіміздің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 23 сәуір жазушы, Ұлы отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жас толуына байланысты 7 сынып оқушыларының қатысуымен "Ерліктің ерен тұлғасы" атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Жазушының өмірі жайлы ақпарат беріліп, шығармалары және жетістіктерімен таныстырылды.

2023-04-18 15:21:59

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2023-04-17 16:41:08

To download To watch

«Есірткісіз болашақ!» сынып сағаттарының ақпараты

17.04.23 күні «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық! Біздің алдымызда жастардың бойында салауатты өмір салты, отбасылы құндылықтар және табысты болашақ құру принциптерін қалыптастыру міндеті тұрғанын айтып өтті.Оқушылар өз ойларын айтты.

2023-04-17 11:08:18

To download To watch

“Өлең өзі өріледі кеудемде…” атты арнау челленджінің ақпараты

Сазгер, ақын, ұстаз, ана, Мөлдір Иманғалиқызының мерейтойына орай, С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандар арасында “Өлең өзі өріледі кеудемде…” атты өлең жолдарын арнау челленджіне белсене қатысып, мектебіміздің 8 В сынып оқушысы Өмірсерік Зейнеп алғыс хатпен марапатталды. #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-04-12 10:27:57

To download To watch

8-11 сынып қыздарымен өткізген «Жылы жүрек- жақсы тілек» атты психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 5.04.23 күні мектеп психолгі 8-11 сынып қыз балаларымен «Жылы жүрек- жақсы тілек»» атты тренинг өткізді. Мақсаты: Қыздардың психологиялық көңіл- күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату. Қыздар тренинг басында әр түрлі түстерді таңдап алды және сол түске орай сипаттамалар айтылды. «Жүзіктегі жазулар» атты ертегі терапиясында мәтінге байланысты өсиет сөздерді жазды. Соңында «Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екені түсіндірілді.

2023-04-11 10:40:32

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1 ай қалғанда» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 04.04.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға , өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамытуға , көңіл-күйін көтеру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыруға «Достық торы», «Сәлемдесу» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім» атты бөлімде оқушылар өздерінің ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдерін жазды. Талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін өткізілген тренингке оқушылар белсене қатысты.

2023-04-07 12:27:03

To download To watch

First 1 10 11 12 13 14 61 Last