Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Дәреже: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ

Мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» бейнеролигін ұсынады. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әрбір азаматтың міндеті. #ҚОББтәрбие @@uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi https://www.facebook.com/100025956618850/posts/1049859519222592/?d=n

2022-05-10 15:43:44

Скачать Смотреть

Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында тренинг

5-мамыр 2022 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна мектеп бітіруші сыныптар үшін сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғады. «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Сауриков О.А, тарих пәнінің мұғалімі Токбулатова Г.Т. ұстаздар арасында тренинг ұйымдастырды. Бұл тақырыптағы тренинг сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарынан азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

2022-05-05 14:41:33

Скачать Смотреть

5-9сынып оқушылары арасында сурет көрмесі

13- сәуір 2022 жылы “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған тақырыпта оқушылар сурет салып, салынған суреттерін қорғап шықты.

2022-05-04 15:47:24

Скачать Смотреть

Сауалнама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 1,4-9,11 сынып оқушыларының ата – аналары сауалнамаға қатысты.

2022-04-06 17:22:20

Скачать Смотреть

«Адалдық дүкені» ақпараты

Мектебіміздің бірінші қабатында «Адалдық дүкені» бар. «Адалдық дүкенінің» мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетті.

2022-04-06 09:34:01

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өткен пікір талас ақпараты

«Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері 21.02.22 күні «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында 8 «Б» сыныбында пікір талас өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет ортаға салып, оқушылар өз пікірлерін айтты.

2022-02-21 10:08:52

Скачать Смотреть

"Мен және менің құқығым" тақырыбында 5-сыныптар арасында суреттер көрмесі

Ақпан айының 18күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Мен және менің құқығым" тақырыбында 5-сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажеттігі,сондай-ақ басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек екенін түсіндіру. Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды.

2022-02-18 14:50:18

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебі (Адалдық сағаты)

8.02.22 күні 5- сыныптарда «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатының мақсаты: Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында, жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет екендігі, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу жайында екендігі, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе Адалдық жүрген жерде адамдық жүретіндігі туралы оқушыларға айтып, түсіндірді.

2022-02-08 15:32:01

Скачать Смотреть

«Жемқорлыққа жол жоқ»

7.02.22 күні «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 10-11 оқушылары арасында әңгіме сағаты өтті. Мақсаты – құқықтық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, еңбек дағдыларын және дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылар өз ойларын жарыса айтып, ол жерде әділетсіздіктің орын алғанын баяндады. Одан әрі мұғалім «құқықбұзушылық», «коррупция» туралы түсініктер берді.

2022-02-07 10:13:15

Скачать Смотреть

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалауды болдырмаудың алдын алу»

Тақырыбы:«Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру. Өткізу форматы:дөңгелек үстел

2022-01-26 16:02:51

Скачать Смотреть

Ақпарат

22- қаңтар 2022 жылы «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен бопсалауды болдырмаудың алдын алу» тақырыбында мұғалім Ельшибеков С, Жеткін А. мектеп ұстаздары мен ата-аналар арасында дөңгелек стөл өткізілді. Осы жоспар жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек екендігі жайлы айтылды.

2022-01-26 16:00:50

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы

Желтоқсан айының 11күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады.

2021-12-10 16:14:46

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 3 4 5 6 7 9 соңғысы