Дәреже: Қашықтықтан оқыту

Мен оқимын, сен де оқы" жобасы бойынша

20.02.21ж Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі #Reading time#I readtoo,youreadtoo! "Мен оқимын, сен де оқы" жобасы бойынша оқушылар мен ұстаздар арасында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы кітап оқуды өткізді. Жобада «Тышқан мен жылан» ертегісін және «Жиренше мен Алдар» аңызын оқып талқылады.Оқушылар кітап оқуға белсенділік таныта отырып,қызыға талдау жұмыстарын жүргізді. Кітап оқуға мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты Жалпы кітап оқуға 56 оқырман қатысты.

2021-02-20 17:51:36

Скачать

1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында

Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі 15-20 ақпан аралығында өтіп жатқан «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығында мектебіміз жоспар бойынша оқушылардың дене шынықтыру сауаттылығына түрлі жұмыстар жүргізуде. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары «Спорт денсаулық кепілі» «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында өткізілді. Оқушылар арасында «тоғызқұмалақ», «дартс» спорттық ойындар ойнатылып, «Спорттық ойын түрлері» тақырыбында суреттер байқауы өткізілуде.

2021-02-19 14:45:55

Скачать Смотреть

Тоқсандық жиынтық бағалау

Орта білім беру ұйымдарында жиынтық бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрығының 12-31 тармақтарына сәйкес жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамызда № 345 бұйрығына 2-қосымша) 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалауды (бұдан әрі – ТЖБ) жүргізу 2020 жылдың 28 қазанынан бастап өткізу ұсынылады. ТЖБ тапсырмаларын дайындау кезінде пәндер бойынша спецификацияға сүйену керек, себебі балл көрсетіліп берілген. Мұғалім ТЖБ тапсырмаларын өткен материал негізінде өз бетінше құрастырады. Қашықтан оқыту кезінде тілдік пәндер бойынша ТЖБ жүргізу "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі 135-бұйрығының 29 пункті бойынша жүзеге асырылады. Аталған бұйрықтың 2-қосымшасының 29-тармағы бойынша «тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды. Яғни, жазылым мен оқылым дағдыларын бағалау бойынша баллдарды бөлуді мұғалім өзі реттейді. ТЖБ тапсырмаларын 15 баллға әзірлеу ұсынылады». ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары баллды өзі белгілейді, ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді. Сондықтан, егер, сынып келіп оқитын (кезекші сыныптарда) балалар тобына және қашықтықтан білім алушыларға бөлінсе, бұл жағдайда бір сыныпқа толық, бірыңғай максималды балл негізіндегі тапсырмалар дайындау ұсынылады. Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде № 125 бұйрықтың 18-тармағын негізге алу ұсынылады. Бұл жағдайда тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. Тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеру жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі. Педагог үшін келесі ақпаратты білу маңызды: 1. Педагог білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады және өзі әзірлей алады. 2. Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды (17-тармақ №125 бұйрық). 3. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады (22-тармақ №125 бұйрық). 4. Жиынтық бағалауды өткізуге кез келген жұмыс түрін құрал ретінде алуға болады (диктант, бақылау, жоба, эссе, тест және т.б)

2020-10-30 19:48:49

Скачать Смотреть

Қашықтықтан оқыту кезіндегі Жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша ақпарат беру Бөлім үшін жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дайындық.

1. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «№125 бұйрығына сәйкес ережелерді, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 15-18, 21-26, 29- тармақтары мен тармақшаларын басшылыққа алу қажет. 2. Білім беру ұйымында оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды(бұдан әрі – ТЖБ) тапсырудың икемді кестесі жасалады. 3. 1-10-сыныптарда: • апталық жүктемесі2 және одан артық сағатты құрайтыноқу пәндері бойынша1 БЖБ және 1 ТЖБ жүргізіледі. • оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтыноқу пәндеріненбөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі. 4. 11-сыныпта оқу пәндері бойынша бақылау жұмыстары жүргізіледі. 5. БЖБ өткізу мерзімі: • оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 2020 жылғы 4-11 мамыр. • оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша – 2020 жылғы 11-15 мамыр. 6. 1-10-сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныптабақылау жұмысын өткізу мерзімі: 2020 жылғы 18-22 мамыр. 7. БЖБ мен ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық жұмыстан аспауы тиіс.

2020-05-08 18:32:02

Скачать Смотреть

МАТЕМАТИКА Тақырыбы: АҚША. ТЕҢГЕ Сынып : 1 А

МАТЕМАТИКА Тақырыбы: АҚША. ТЕҢГЕ Сынып : 1 А

2020-03-20 11:39:39

Скачать Смотреть

сауат ашу Тақырыбы: Ас –адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер. Сынып : 1 А

сауат ашу Тақырыбы: Ас –адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер. Сынып : 1 А

2020-03-20 11:38:55

Скачать Смотреть

Қазақстан тарихы 8 «А», 8 «Б»

Қазақстан тарихы 8 «А», 8 «Б»

2020-03-20 09:58:39

Скачать Смотреть

Дүниежүзі тарихы 7 «А», «Ә» сыныптары

Дүниежүзі тарихы 7 «А», «Ә» сыныптары

2020-03-20 09:57:48

Скачать Смотреть

20.03.2020 ж. 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» Қазақ әдебиеті

20.03.2020 ж. 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» Қазақ әдебиеті

2020-03-19 22:28:37

Скачать Смотреть

20.03.2020 ж. 9 «А» Қазақ әдебиеті

20.03.2020 ж. 9 «А» Қазақ әдебиеті

2020-03-19 22:27:45

Скачать Смотреть

Химия 8 сынып Күні: 19.03.2020 ж

Химия 8 сынып Күні: 19.03.2020 ж

2020-03-19 22:26:25

Скачать Смотреть

Химия 8 сынып Күні: 20.03.2020 ж

Химия 8 сынып Күні: 20.03.2020 ж

2020-03-19 22:25:10

Скачать Смотреть