Пікір

Дәреже: Пікір

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына ПІКІР

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы барша қазақстандықтар үшін зор қолдау болғаны сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемді жайлаған індет кезеңінде халықпен ой бөлісіп, ақ тілеуге толы сөздерін арнады. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, болашақ үшін көп қаржы-қаражат салып, зор жауапкершілікпен атқарылған реформалардың дұрыс болғанын өмірдің дәлелдегеніне тоқталды. Халықты сабырға, байсалдылыққа шақыра отырып, төзімділік пен ерік-жігер, зор сенім бізді міндетті түрде жеңіске жеткізетінін айтты. «Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар» дей отырып, халықты алаңдамауға, абыржымауға шақырды. Шын мәнінде, қазіргідей қиын кезеңде біз шыңдалып, ширығуымыз керек. Ауызбірлік пен бір-бірімізге деген жанашырлық танытып, береке-бірлікті сақтауға өз үлесімізді қосуымыз керек. Елбасымыз жастарды үнемі қолдайды, оларға рух береді. Бұл жолы да Нұрсұлтан Әбішұлы жастарды жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылуға шақырды. Жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысым бар болғандықтан, Елбасымыздың бұл шақыруына мен де қосыламын, жастар ізгі ниеттің бастамашылары болуы тиіс деп есптеймін. Біз біргеміз! Елбасымыз айтқандай, «қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық». Жүрегімізде сенім мен ізгілік, санамызда ерік-жігер орын алсын! Балқаш қаласы ЖББ №8 орта мектеп директоры А.Төкейбекова

2020-04-08 10:45:47

Скачать Смотреть

«Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты жаңа экономикалық саясаты

Елбасының жыл сайынғы жолдауы – халықтың болашаққа деген сенімін нығайтып, елді бірлікке, ынтымаққа, екпінді еңбек етуге шақыратын аса маңызды стратегиялық құжат екендігі әрбір Қазақстандық азаматқа аян. Жаңа жолдау халықты рухтандыратын, ұлы мақсаттарға бастайтын тағы да бір бағдарлама деп білеміз.

2014-11-14 12:28:57

Скачать Смотреть