Қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық

Облыстық "Зейін" жобасы, "Қаржы әлемі" қаржылық сауаттылық апталығы аясында энергияны, суды, табиғи ресурстарды пайдалану және үнемдеу мәселелеріне балалардың назарын аудару мақсатында бастауыш сынып оқушылары "Қаржы әлемі балалар көзімен", "Үнемділік және үнемдеу" суреттер көрмесіне, сондай-ақ "Менің отбасымның бюджеті" эссе көрмесіне белсенді қатысты. Өз суреттерінде оқушылар электр қуатын, суды үнемдеуге шақырды және мұны қалай жасауға болатынын суреттеді.