"Білім еліне саяхат"

Балабақшадағы білім күні таңғажайып және керемет мереке, мүмкін мектептегідей салтанатты және қызықты емес, бірақ біз үшін маңызы зор. Балалардың өмірінде жаңа кезең басталады: ҰОҚ, әңгімелер, мерекелер, қоршаған әлемді жақсы тануға, өздерін танып білуге, қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі. Бұл күні тәрбиешілер балабақша тәрбиеленушілеріне нағыз мереке ұйымдастырды. Ертегі кейіпкерлері балабақша тәрбиеленушілерін Білім күнімен құттықтауға келді! Балалар мереке қонақтарымен бірге байқауларға, ойын-сайыстарға қатысты, жұмбақтар шешті, ән айтты, әзіл айтты және көп күлді. Біздің балабақшада жаңа оқу жылы осылай көңілді, қызықты және мерекелік түрде басталды. Біз баршаны - ата -аналарды, балаларды, мұғалімдерді осы мерекемен құттықтаймыз! Бұл күн жаңа оқу жылын ашады. Бұл күн қызықты, бүлдіршіндерге жаңа білім, жаңалықтар мен жаңа достар әкелсін!

Дата: 8.09.2021, 16:38 Автор: Ясли-сад «Балдәурен»