"Кішкентай Аяз Аталар"

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады.Жаңа жыл тақырыбында  № 7 ортаңғы топта әндер, әр түрлі билер орындалып, қызықты ойындар ойналды.