«Төтенше жағдайлардың алдын–алу және олардың салдарын жоюдағы еріктілердің рөлі»

«Төтенше жағдайлардың алдын–алу және олардың салдарын жоюдағы еріктілердің рөлі»

  Волонтерлар жылының ашылу салтанатында Қарағанды ​​облысының әртүрлі департаменттерінің жастарға қатысты мәселелері бойынша сөз сөйледі. Сонымен қатар, сөз кезегі әр түрлі волонтерлар қозғалысы мен қорларының жетекшілеріне ұсынылды, онда олар өздерінің бағдарламаларын ұсынды және олардың қызметі туралы әңгімеледі.Содан кейін бағдарламаға сәйкес, Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Төтенше жағдайлардың алдын–алу және олардың салдарын жоюдағы еріктілердің рөлі» атты семинар өтті. Бұл семинар барлық қатысушылар үшін пайдалы болды, өйткені іс жүзінде суда және өрттен зардап шеккендермен төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрсетілді.                                 Қазіргі таңда Қазақстанда волонтерлар саны көбеюде. Барлық аймақтардағы Достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысының орталықтары ашылды. Бүгінде Қарағанды  волонтерлар  қозғалысының орталығында 200–ге жуық волонтер жұмыс істейді. Жалпы, Қарағанды ​​облысында 89 волонтер ұйымы  бар.

Дата: 11.02.2020, 18:14 Автор: Оқушылар сарайы