«Бокс»

«Бокс»

2020 жылдың 26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласында 2002-2003 ж.т. және 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Балқаш қаласының намысын Оқушылар сарайының «Бокс» секциясының тәрбиеленушісі ЖББ №16 мектебінің оқушысы Бажбенова Камила қорғады. Камила рингте үш жекпе-жек өткізді. Бірінші жекпе-жекте Қостанай қаласынан келген қарсыласымен, екіншісінде Ақтөбе қаласынан келген қарсыласымен кездесіп, үшінші жекпе-жегін Алматы қаласынан келген қарсыласымен өткізіп, Қазақстан Чемпионы атанды. Осылайша, Камила Азия Чемпионатына жолдама алды. Біз Камилаға тек алға ұмтылып, барлығымызды жігерлі жеңістерімен қуантады деген сенімдеміз.

Дата: 11.02.2020, 18:07 Автор: Оқушылар сарайы