«Бокс»

«Бокс»
 
Салауатты өмір салтын насихаттау, ҚР боксшыларының спорттық шеберлігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Қарағанды қаласында қыздар арасында бокстан ашық біріншілік өтті. Біріншілікке Қарағанды облысының әр қалаларынан 75-ке жуық спортшы қатысты. Ашық біріншілікке Балқаш қаласының Оқушылар сарайының «Бокс» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
I орын- Ермек Аяжан (№7 мектеп-гимназия)
І орын- Бажбенова Камила (№16 орта мектеп)
I орын- Асу Гулназ (№ 2 мектеп - интернат)
II орын- Ержанқызы Ажар (№2 лицей)
II орын- Рысбекова Камила (№16 орта мектеп)
III орын- Асылханова Жанерке (№16 орта мектеп)
III орын- Үлкенбаева Айғаным (№ 9 орта мектеп)
I орын алған боксшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Барлық жеңімпаздар Қарағанды қаласының «Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің» медальдары және мадақтамаларымен марапатталды.
Біздің жас боксшыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!! 
Дата: 14.01.2020, 12:09 Автор: Оқушылар сарайы