Күзгі демалыс қызықтары.

Күзгі демалыс қызықтары.
     Күзгі демалыс уақытында Оқушылар сарайында тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстану, ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында жоспар жасалып, көптеген іс-шаралар өткізілді. 
     Тәрбиеленушілердің шағын Отанымызды сүюге және қадірлеуге,  танымдық қабілеттерін ояту мақсатында  қала мектептерінің 7 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті Балқашым!» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп оқушылары қаланың көркем әсем жерлерін бейнероликке түсіріп әділ қазы алқаларына ұсынды. Осындай іс – шаралар тәрбиеленушілердің патриоттық сезімдерін оятумен қатар шығармашылыққа деген таланттарын дамытады.
     Жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке, эстетикалық тәрбиелеуге сонымен қатар коммуникативті мәдениеттілігін қалыптастыруға арналған байқаулар өткізілді. Атап айтсақ «Күзге балл – 2019» фестивалі және Көңілді тапқырлар алаңы «Болашақ туралы аңыз».
     Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Dance party» және «Көңілді би» би кештері өткізілді. Сонымен қатар балалардың үйде  ата – анарының қарауынсыз жалғыз қалған кездегі қауыпсіздік ережелерін ескеру мақсатында ертегі кейіпкерлерімен «Барбоскиндардың бастан кешкен оқиғалары» атты театрландырылған үлгі боларлық ойын – сауық бағдарламасы өткізілді.
      "Intel" балалар технопаркінде тәрбиеленушілердің техникалық шығармашылықтарымен өнер тапқыштық қабілеттерін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында автокөлік модельдеуден ырғақты жүргізу және авиамодельдеуден планерлерді ұшыру бойынша жарыстар өтті.  Қатысушылардың үздік жұмыстары дипломдармен марапатталды.
         Тұлғаның интеллектуалды дамуына жағдай жасау мақсатында қалалық «Логика қайда?» атты логикалық ойын өткізілді. Ойын барысында тәрбиелерушілер әр түрлі деңгейде тапсырмаларды орындады. «64» шаршы дойбыдан 3 – 6 сынып оқушылары арасында ашық жеке қалалық біріншілігі өткізілді. Ойынға қала мектептерінен 85 жуық мектеп оқушылары қатысты.  Бұл ойын тапқырлыққа, шапшаңдыққа, қарсыластың уақыты мен бағытын есептей білуге, есте сақтау қабілеттерін ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеттерін дамытатын ойын. 
       Күзгі демалыс уақытында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген  іс – шараларына 2000 нан аса мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар барынша көңіл көтерім сабақтан тыс демала алды. 
Күзгі демалыстың әр күнін қызықты әрі көңілді өткізді.
Дата: 8.11.2019, 22:29 Автор: Оқушылар сарайы