«Менің сүйікті қалам, Балқашым!»

«Менің сүйікті қалам, Балқашым!»

Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі – туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деген халық даналығы тегіннен-тегін айтылмаса керек-ті. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген рухани құндылығының ұлттың қалыптасуында, дамуында айрықша орны бар. Осы мақсатта Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 қазан күні қала мектептерінің оқушылары арасында қалалық «Менің сүйікті қалам, Балқашым» атты бейнеролик байқауы өтті.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сол себепті, «Менің сүйікті қалам, Балқашым!» байқауында оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын сүюге, туған жерге деген ықыластарын қалыптастыру, елін жерін құрметтей алатын білімді азамат болуға тәрбиелеу. 
Байқауға қала мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысты. Қорытынды бойынша: 
І орын – Кусаинов Рамазан (№15 мектеп-лицей)
ІІ орын – Ахмедиова Балнур (№2 лицей)
ІІІ орын – Алтынова Мадина (№8 орта мектеп)
ІІІ место – Ким Роман (№3 орта мектеп)
Номинация бойынша:
«Креативті бейнеролик» - Мадьяров Нұрасыл (№16 орта мектеп)


 

Дата: 29.10.2019, 13:48 Автор: Оқушылар сарайы