«Өмірге шырайлы күлкімен» атты қалалық ЖАЙДАРМАН байқауы

«Өмірге  шырайлы  күлкімен» атты қалалық   ЖАЙДАРМАН  байқауы

     Оқушылардың сахналық шығармашылығын, аса көріністік нәтиже үшін сөз сөйлеуде дыбыстық, жарықтық, музыкалық, сахналық ресімдеулерді пайдалана білуді дамыту мақсатында   2019 жылдың  12 сәуір  күні  Оқушылар  сарайының ұйымдастыруымен қала  мектептері  арасында «Өмірге  шырайлы  күлкімен» атты Жайдарман  көңілді  тапқырлар   фестивалі   өткізілді.       Фестиваль мақсаты – жастардың дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмірде өз орнын таба білуге баулу.

      Байқауға  барлығы 10  команда  қатысты. Өз  шығармашылықтарындағы, өмірдегі, жалпы қоғамда болып жатқан құбылыстарды өткір  әзілдерімен көрермендерге  жеткізе  білді.

        Командалар 2 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтсақ  «Сәлемдесу» (7  мин), «Бір  әуен  аясында».  Бұл ойынға барлық  командалар  белсене қатысты. Ойын жоғары деңгейде өтті. 

      «Жайдарман»  көңілді  тапқырлар байқауының  қорытындысы  бойынша :

«Бас  жүлде» -  №7  мектеп-гимназиясы  «Сәкен  жастары» командасы

І  орын-  ЖББ  №16  орта  мектеп «Күлмесен  қой»  командасы

І  орын -№2  лицей  «Лицей kz» командасы

ІІ  орын  - «Оқушылар сарайы» «Кадр-09»

ІІ  орын-ЖББ №8  орта мектеп «Нағыз  жігіттер»

ІІ орын -  №15  мектеп-лицейі «Болашақ жастар»

ІІІ  орын  -ЖББ №25  орта  мектеп «Қоңырат  сүтқоректілері» командасы

ІІІ  орын  -№2  интернат  «Inter  теңтектер» командасы

ІІІ  орын  -  ЖББ №5  орта мектеп «Нағыз  Жас-стар» командалары  иеленді.  «Ең үздік  ойыншы» номинациясына  Оқушылар сарайының  «Кадр-09» командасының ойыншысы Мадьяров Нұрасыл, «Көрермен  көзайымы»  номинациясы – ЖББ №24  орта мектеп  «24 kz»  командасы  марапатталды.

Дата: 15.04.2019, 9:33 Автор: Оқушылар сарайы