«Қызық times»

«Қызық times»

    Ақпан айының 25жұлдызында Оқушылар сарайында «Қызық шырағы» атты білімділер сайысы өтті. Интеллектуалды сайыстың мақсаты: оқушылардың жалпы эрудициясын және өмірге деген көзқарасын дамыту, бойдағы көшбасшылық пен жауапкершілік сезімін дәріптеу. Бұл сайыстың қатысушылары №8, 9, 5 ЖББ қала мектерінің 4 сынып оқушылары. Интеллектуалды сайыс: «Бәйге», «Тіл өнері», «Математика», «Сөз шебері» және «Жорға» атты бірнеше кезеңдерден тұрды. Топтың жылдамдығы мен интеллектуалды білімі ескерілген бұл айналым қызықты әрі тартысты өтті. Соңғы минуттарға дейін қортынды барлық қатысушылар мен көрермендерге жұмбақ болып қала берді. Себебі топтар бірінен бірі оза шауып, бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Менің мамандығым», «Біздің кеме» атты тренингтер жүргізіліп, оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, бір-бірімен танысып, оқуға деген мотивациялары артты.  Сайыстың қортындысы бойынша:

  • І орын  - «Қазақстан» тобы (ОСШ № 5);
  • ІІ  орын - «Сұңқар» тобы (ОСШ №8);
  • ІІІ орын -   «Қыран» тобы (ОСШ №9).
Дата: 4.03.2019, 10:06 Автор: Оқушылар сарайы