«Шахмат – интеллектуалдар ойыны»

«Шахмат – интеллектуалдар ойыны»

        2019 жылдың 16, 17 ақпанында Оқушылар сарайында "Белая ладья" шахмат клубы № 2 мектеп-интернатымен бірлесіп, Ауғанстаннан әскерлерді шығарылуына 30 жыл толуына арналған "Шахмат – интеллектуалдар ойыны" атты қалалық турнир өткізілді.

       Турнирге қала мектептерінің 10, 12, 14 жасқа дейінгі жас топтары бойынша 26 оқушы қатысты. Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • 10 жасқа дейінгі топтар бойынша:

Ұлдар арасында І орын – Құлджан Нұрмұхаммед (№15 м/л)

 І орын –Нұрғазы Гүлжанат (№2 лицей)

  • 12 жасқа дейінгі топтар бойынша

Ұлдар арасында І орын – Касымбеков Ансар (№15 м/л)

І орын – Мукашева Лунара (м/инт.  №2)

  • 14 жасқа дейінгі жас топтары бойынша

Ұлдар арасында І орын – Айтбайұлы Ғалымжан (№2 лицей)

 Қыздар арасында І орын – Кисебаева Назерке (№15 м/л).

      Марапаттау рәсіміне "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы" ҚБ басшысы Мухамедиев Бауыржан Мейірханұлы қатысып, барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға мадақтамалар табыс етті.

Дата: 4.03.2019, 9:58 Автор: Оқушылар сарайы