«Алға, модель» атты қалалық техникалық модельдеу байқауы

«Алға, модель» атты қалалық техникалық модельдеу байқауы

       2019 жылдың ақпан айының 5 жұлдызында Оқушылар сарайында «Алға, модель» атты қалалық техникалық модельдеу байқауы өтті. Байқау мақсаты:

       Бастауыш сынып оқушылары арасында авто, авиамодельдеу арқылы шығармашылықтың техникалық түрлерімен айналысуға ынталандыруды қалыптастыру үшін жағдай жасау.

     Авиамодельдеу категория F1Д, К-1 бөлме ішінде ұшатын резинамоторлы ұшақ модельдері спорты бойынша барлығы 14, автомодельдеу 1:10 масштабтағы модель бойынша барлығы 10 мектептің оқушыларымен оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысты.

     Байқау қорытындысы бойынша авиамодельдеу жарысында №16 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қуандық Нұрай І орынға, №15 мектеп-лицейінің 7сынып оқушысы Халық Жанасыл ІІ орын, №15 мектеп-лицейінің 3сынып оқушысы Әуезхан Алтын ІІІ орынды иеленді.

     Автомодельдеу жарысының қорытындысы бойынша І орынды №16 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Гапуов Алишер, ІІ орынды №8 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жақсылық Нұрсұлтан, ІІІ орынды №8 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қабен Арслан марапатталды.

Дата: 8.02.2019, 9:09 Автор: Оқушылар сарайы