Математикалық сауаттылық апталығының 2-күнінің іс-шаралары…

Математикалық сауаттылық апталығының 2-күнінің іс-шаралары…

 

2023 жылдың 23-27 қаңтар аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында өткізіліп жатқан «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы өз жұмысын жалғастыруда. 

Апталықтың 2-күні – 24 қаңтар күні: 

1. Математикалық сөзжұмбақтарды, ребустарды шешу арқылы математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық сауаттылықтарын дамыту, логикалық ойлауға машықтандыру мақсатында 3-сынып оқушылары арасында "Мен математикамен доспын» сөзжұмбақтар сайысы өткізілді. «Мен математикамен доспын» сөзжұмбақтар сайысының жеңімпаздары анықталды. Олар 3 "А" сынып оқушылары: 1-орын Серік Бақытжан, 2-орын Жортар Айсұлтан, 3-орын Жүмаділ Мансүр, Төленді Аруна.

2. 5-сынып оқушылары арасында «Мен және менің отбасым» оқушы жобаларының байқауы өткізілді. Байқау жеңімпазы: «Ең үздік жоба» номинациясымен 5 "Ә" сынып оқушысы Төлеген Айназ марапатталады. 

3. 6-сынып оқушылары арасында "Менің өмірімдегі Математика» шығармашылық жұмыстар байқауы ұймдастырылды. Байқау жеңімпаздары анықталды, 6 "а", 6"ә" сынып оқушылары: Өміржан Жантөре - l орын, Әзілова Азиза - ll орын, Сағатқызы Ақерке - ІІІ орын.

4. 9-10 сынып оқушылары «Математикасыз өткен бір күн" тақырыбында эссе жазды. Оқушылар жазған эсселерден үзінді: «Математикасыз бір күн елестету мүмкін емес». «Математика – өмірдің үйлесімдігі. Ол адамның кеудесіндегі жүрегі тәріздес. Ерте жастан бастап математика ғылымы өмірге енеді және бүкіл өмірге адамзат өзінің дамуының барлық қазіргі кезеңдерінде өте қажет». «Математикасыз өткен бір күн» эссе байқауында  «ең үздік эссе» жеңімпазы атағын 9 «Ә» сынып оқушысы Өмірбек Темірбек иеленді.